Президент: «Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны тазалау ғана емес, бұл ең алдымен, ішкі мәдениеттің көрінісі
© Сурет: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
2025 жылдың 11 сәуірінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының жұртшылығы алдында сөйлеген сөзінде "Таза Қазақстан" акциясына айрықша тоқталып өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы бұл жоба аз уақыт ішінде бүкіл елді біріктіріп, жалпыұлттық сипатқа ие болғанын атап өтті.
"Осы бастамаға шымкенттік ағайын да белсене атсалысып жатыр. Былтыр қалада 200-ден астам аула мен қоғамдық орын тазартылды, 200 мыңнан астам ағаш отырғызылды. "Таза Қазақстан" айналаны тазалаумен немесе сенбілікке шығумен шектелмейді. Оның ауқымы және мағынасы өте кең. Тазалық дегеніміз – ең алдымен, ішкі мәдениеттің өлшемі. Еліміздегі әр азаматтың жаны таза, қолы мен ісі таза болса, шын мәнінде озық ойлы ұлтқа айналамыз",- деді ол.
Тоқаев осы маңызды істе Шымкент қаласы өзінің "шырайлы" деген атына сай болып, көш бастауы керек екендігін айтты.
"Елімізде заң мен тәртіп біржола үстемдік құруға тиіс. Бұл – мән-мағынасы ерекше мақсат. Бауыржан Момышұлының "Тәртіпке бас иген құл болмайды" деген сөзі ешқашан маңызын жоғалтпайды. Заңды сақтап, тәртіпке бағына білсек, мақсатымызға жетеміз, кез келген дағдарысты еңсере аламыз. Қазіргі бұлыңғыр заманда елімізге заңға негізделген тәртіп ауадай қажет. Заңды бұзған азаматтарды міндетті түрде жауапқа тарту керек. Басқа жол жоқ. Осылайша, әділетті, қауіпсіз, қуатты және таза Қазақстанды құрып, өркендеген ел боламыз", – деді Мемлекет басшысы.
Сөз соңында Президент Шымкент жұртшылығына ризашылығын білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:21, 18 сәуір 2025
Алдағы демалыс күндері ауа райы күрт өзгереді
-
16:09, 18 сәуір 2025
Ақтөбеде заңсыз дәрі-дәрмек сақтағандар ұсталды
-
15:58, 18 сәуір 2025
Аптаның соңына қарай саудада доллар бағамы аздап төмендеді
-
15:47, 18 сәуір 2025
Мемлекет басшысы Кендірлі курорты аумағындағы әуежай құрылысын тезірек аяқтауды тапсырды
-
15:32, 18 сәуір 2025
Қаржаубай Нұрымов: келгендер өздерін қылмыстық топтың мүшелері деп айтты
Танымал жаңалықтар
-
19:08, 17 сәуір 2025
-
19:33, 17 сәуір 2025
-
20:51, 17 сәуір 2025
-
19:51, 17 сәуір 2025
-
18:42, 17 сәуір 2025
-
18:22, 17 сәуір 2025
-
20:30, 17 сәуір 2025
-
23:12, 17 сәуір 2025
-
22:19, 17 сәуір 2025
-
16:30, 17 сәуір 2025
-
21:59, 17 сәуір 2025
-
22:42, 17 сәуір 2025
-
16:41, 17 сәуір 2025
-
20:17, 17 сәуір 2025
-
17:37, 17 сәуір 2025