Президент Пәкістанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхаттарын жолдады
© Фото: akorda.kz
2026 жылдың 14 тамызында Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхаттарын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі берген ресми ақпаратқа сай, Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шарифті Пәкістанның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы жеделхатында орнықты даму жолында Пәкістанның айтарлықтай табысқа жеткеніне тоқталып, екіжақты және халықаралық күн тәртібінің ауқымды мәселелері бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ұдайы бейіл екенін білдірді.
Қазақстан Президенті Премьер-министр Шахбаз Шарифтің елдеріміздің өзара ықпалдастығына тың серпін беретін Астанаға мемлекеттік сапарына ерекше ден қойып отырғанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Асиф Али Зардари мен Шахбаз Шарифтің жауапты қызметтеріне табыс, ал достас Пәкістан халқына құт-береке тіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:37, 14 тамыз 2026
Павлодарда әлеуметтік желідегі бейнежазбалар арқылы үш жүргізуші жауапқа тартылды
-
10:22, 14 тамыз 2026
Қазақстандық банктер үшін жаңа қаржылық талаптар енгізілді
-
10:17, 14 тамыз 2026
Ұлыбритания тағына мұрагер ерекше мамандықты таңдады
-
10:08, 14 тамыз 2026
Ұлыбританияда жолаушылар пойызы апатқа ұшырады: зардап шеккендер бар
-
09:55, 14 тамыз 2026
Ірі көлемдегі айыппұл және елден шығару: Қазақстан полициясы шетелдіктерге ескерту жасады





