Павлодарда әлеуметтік желідегі бейнежазбалар арқылы үш жүргізуші жауапқа тартылды
© Сурет: Polisia.kz
Павлодар облысында әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған үш жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаменті мәлімдеді.
Ертіс ауданында Mercedes көлігінің 23 жастағы жүргізушісі маневр жасау талаптарын бұзып, қауіпсіздік белдігін тақпаған. Құқық бұзушылық әлеуметтік желіге жарияланған бейнежазба арқылы анықталған.
Ал Екібастұзда Toyota Land Cruiser жүргізушісі қозғалыс бағытын өзгерту кезінде қауіпті маневр жасап, басқа көлік жүргізушілеріне кедергі келтіріп, авариялық жағдай туғызған. Полиция оның жеке басын анықтап, әкімшілік шара қолданды.
Сондай-ақ полицияға Павлодардағы Академик Марғұлан-Толстой көшелерінің қиылысындағы жол айырығында Lada көлігінің жүргізушісі ереже бұзғаны түсірілген бейнежазба келіп түскен. Жүргізуші өз әрекетімен жолдағы басқа да көлік жүргізушілерінің жылдамдығы мен бағытын өзгертуге мәжбүр еткен. Ол да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері облыста маневр жасау ережесін бұзған 3,5 мың жүргізуші және қауіпсіздік белдігін пайдаланбаған 6 790 жүргізуші жауапқа тартылған. Ал жол апатын туғызған 500-ге жуық жүргізушіге әкімшілік шара қолданылған.
Полиция жүргізушілерді жол жағдайын ескеріп, маневр жасау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды. Қозғалыс бағытын немесе жолақты өзгертпес бұрын жүргізуші бұрылыс көрсеткішін алдын ала қосып, айналар арқылы жолдағы жағдайды бағалауы тиіс.
Құқық қорғау органдары әлеуметтік желілерге жүргізілетін мониторинг тұрақты жалғасатынын атап өтті. Бейнежазба арқылы анықталған өрескел құқық бұзушылықтардың әрқайсысы назардан тыс қалмайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:21, 14 тамыз 2026
Атырауда тергеу изоляторына телефон өткізбек болған
-
11:14, 14 тамыз 2026
«Челси» Дастан Сатпаевқа қатысты соңғы шешімін қабылдады
-
11:05, 14 тамыз 2026
Жетісуда көлігіне жалған нөмір таққан жүргізуші жауапқа тартылды
-
10:54, 14 тамыз 2026
Мысырдағы дүкендердің бірінде жарылыс болып, үш адам көз жұмды
-
10:43, 14 тамыз 2026
Қазақстанда үй жануарларын асырау қағидалары өзгерді





