Президент: Негізгі мәселе – білікті медицина мамандарының тапшылығын жою
© Фото: pixabay
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау саласындағы ең өзекті түйткіл – білікті маман тапшылығы екенін атап өтті.
Президенттің айтуынша, заманауи ауруханалар мен озық медициналық жабдықтар маңызды болғанымен, басты рөлді кәсіби кадрлар атқарады.
Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдық жерлерде маман жетіспеушілігі ерекше сезілетінін жеткізді.
"Әйтсе де ең заманауи ауруханалар мен озық құрал-жабдық – жұмыстың басы ғана екенін түсінгеніміз абзал. Негізгі мәселе – білікті маман тапшылығын жою, мұның зардабын әсіресе ауылдық жерлер тартып отыр", – деді Мемлекет басшысы.
Президент бұл мәселені шешу үшін нақты шаралар қабылдау қажеттігін айтты.
"Бұл үшін бастапқы медициналық-санитарлық көмек жұмысшыларын қолдау бағдарламасын әзірлеу қажет", – деді ол.
Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлеріне лайықты жағдай жасау – мемлекеттің міндеті екенін де атап өтті.
"Адамдарға көмектесуге бірінші болып келетін жандар мемлекет қамқорлығын сезінуі керек. Олар үшін лайықты жалақы, толық әлеуметтік пакет және жергілікті жерде жұмыс істеуге ынталандыратын тетіктер болуға тиіс", – деді Президент.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:47, 18 маусым 2026
Семейде 7 миллион теңге көлеміндегі алаяқтық фактісі әшкереленді
-
16:33, 18 маусым 2026
Михаил Шайдоровқа 250 мың доллар сыйақы төленді
-
16:24, 18 маусым 2026
ІІМ елімізде кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін екенін түсіндірді
-
16:09, 18 маусым 2026
Алматыда кезекті заңсыз нысан сүрілді
-
15:55, 18 маусым 2026
Ұлттық банк басшысы доллар бағамының күрт өсу ықтималдығына пікір білдірді





