Президент Конституциялық комиссия жетекшілерімен жұмыс кеңесін өткізді
© Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, төрағаның орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысына Комиссияның жаңа Конституция жобасы бойынша бұған дейін атқарған жұмысы туралы мәлімет берілді.
Эльвира Әзімова халық қарауына ұсынылған жаңа Ата Заң жобасы жөнінде баяндады. Оның айтуынша, eGov және e-Otinish порталына жұртшылық тарапынан келіп түскен ой-пікірлер саны 4 мыңнан асқан. Азаматтар жобаны бүгінгі талап-тілектер мен қоғам мүддесіне сай келеді деп таниды. Саяси партиялар, республикалық және өңірлік қоғамдық ұйымдар жаңа Конституция қабылдау жөніндегі бастамаға қолдау білдірді.
Президент Конституциялық комиссия жұмысы ашық форматта жалғаса беруге тиіс екенін атап өтті. Бұл азаматтардың талқылау барысынан хабардар болып, жоба мазмұнымен егжей-тегжейлі танысуына мүмкіндік береді.
Қасым-Жомарт Тоқаев сарапшылар мен қоғам өкілдері жолдаған ұсыныстардың барлығын жіті талдауды тапсырды.
Эльвира Әзімова Конституциялық комиссия мүшелері жаңа Конституция жобасының жекелеген баптары мен тармақтарын редакциялап жатқанын айтты. Комиссияның кезекті отырыстары ертең, яғни 7 ақпанда және келесі аптада өтеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:40, 6 ақпан 2026
Евгений Федоров тасжолдағы велоспорттан Азия чемпионатында топ жарды
-
19:30, 6 ақпан 2026
Алматыда демалыс күндері қар жауып, әрі қарай жылы болады
-
19:20, 6 ақпан 2026
Әмір Омарханов Тунисте ITF M15 турнирінің жартылай финалына шықты
-
19:05, 6 ақпан 2026
Алматыда қар салдарынан 10 балдық кептеліс пайда болды
-
18:52, 6 ақпан 2026
Алина Чистякова Қазақстан құрамасына Азия чемпионатындағы алғашқы алтын медальді сыйлады





