Премьер-министр жұмысшы кәсіп өкілдеріне жеңілдетілген ипотека әзірлеуді тапсырды
© Фото: primeminister.kz
Олжас Бектенов жұмысшы кадрлар үшін ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үйдің жеңілдетілген бағдарламаларын іске қосу мәселелерін пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол экономиканың басты өндірістік қуаты – кәсібін жетік меңгерген мамандар екенін баса айтты.
Қазіргі жұмысшылар жоғары технологиялық жабдықтармен, автоматтандырылған жүйелермен жұмыс істейді. Бұл біліктілікті арттырып, интеллектуалдық әлеуетті және цифрлық сауаттылықты, жеке құзыреттілікті үздіксіз дамытып отыруды талап етеді.
Сондай-ақ, жиында экономикаға мыңдаған білікті жұмысшы қажет екені атап өтілді.
"Жұмысшы кадрларды әлеуметтік қолдаудың үздік корпоративтік тәжірибесін кеңінен таратып, жаңа ынталандыру шараларын енгізу керек. Өнеркәсіп, Энергетика, Көлік, Ауыл шаруашылығы, Су ресурстары министрліктеріне кәсіпорындармен, әкімдіктермен және Отбасы банкімен бірлесіп, жұмысшы кадрлар үшін ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үйдің жеңілдетілген бағдарламаларын іске қосу мәселелерін пысықтауды тапсырамын", — деді Үкімет отырысында Олжас Бектенов.
Сонымен қатар ол жыл сайын жаңа мамандықтар пайда болып жатқандығын айтты. Сондықтан болашақтағы дағдылар мен құзыреттерді болжау үшін әкімдіктерге кәсіптердің өңірлік атласын жасау тапсырылды.
"Жастардың жұмысшы мамандығын саналы түрде таңдауы үшін кәсіптік бағдар беру ісінде жаңа тәсілдерді жүзеге асыру керек. Болашақ маман өзінің кәсібтік перспективаларын көріп отыруы үшін мектептер, колледждер, кәсіпорындар арасында өзара іс-қимыл моделін құру қажет. Бұл бағытта Оқу-ағарту министрлігіне техникалық және кәсіптік білім беру саласына сапалы өзгерістер енгізу тапсырылды",- деді Үкімет басшысы.
Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан колледждерде оқытуды қаржыландыру 2 есе ұлғайтылды. Халықаралық талаптарға сай жаңа білім беру бағдарламалары енгізілуде. Сондай-ақ Астана қаласының әкімдігімен бірге құзыреттер орталығын құру жоспарланып отыр.
"Сонымен қатар бизнес, жұмыс берушілер, инвесторлар тарапынан да тиісті шаралар қабылдануы қажет екені айтылды. Бұл бағыттағы жұмысты "Самұрық-Қазына" қоры белсенді жүргізуі тиіс",- деді Бектенов.
Бұған дейін Тоқаев Дархан Сатыбалдыны қабылдағаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:23, 9 қаңтар 2025
Грузияда 9 қаңтар аза тұту күні деп жарияланды
-
09:15, 9 қаңтар 2025
Ұшақтағы қара жәшік қалай жұмыс істейді
-
09:01, 9 қаңтар 2025
Алматыда қуаттылығы тәулігіне 1200 текше метрге дейінгі алғашқы қар еріту пункті іске қосылды
-
23:03, 8 қаңтар 2025
Харбиндегі Азия ойындарында өнер көрсететін шорт-трекшілер белгілі болды
-
22:46, 8 қаңтар 2025
«Ештеңе төлемейсіздер». Көлік министрлігі желіде тараған сыбысты жоққа шығарды