Польша тұрғыны жүргізуші куәлігіне арналған теориялық емтиханды 139-шы реттен кейін ғана сәтті тапсыра алды
© Сурет: freepik
Польшада ер адам жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтиханды 139-шы әрекетінде ғана сәтті тапсырып, өзіндік антирекорд орнатты. Ол бұл нәтижеге тоғыз жыл бойы үздіксіз талпыныстың арқасында жеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Oxu.Az мәліметіне сүйенсек, Тарнув қаласының тұрғыны 2017 жылдан бастап теориялық сынақты қайта-қайта тапсырып келген. Жергілікті жол қозғалысы орталығының директоры Павел Гургул оның әрдайым дайындалып, жүргізуші куәлігін алуға қаншалықты ынталы болғанын атап өтті.
Кейін белгілі болғандай, ер адам дайындық барысында тесттің толық емес, яғни қысқартылған нұсқасын пайдаланған. Ал толық сұрақтар базасына көшкеннен кейін оның нәтижесі жақсарып, ақыры емтиханды сәтті тапсырған.
Осы уақыт ішінде ол емтиханға бірнеше мың злотый жұмсаған. Соған қарамастан, үмітін үзбей, енді практикалық сынақты тапсыруды күтуде.
Бұл жағдай өңір үшін ерекше саналады. Дегенмен Польшада теориядан 163 рет, ал практикалық емтиханнан 58 рет сүрінген адамдар да болған.
Айта кетерлігі, теориядан әлсіз нәтиже көрсету әрдайым көлік жүргізу емтиханынан өте алмауды білдірмейді. Көптеген адамдар теориядан бірнеше рет құлағанымен, практикалық сынақты бірден сәтті тапсырып жатады.
Бұған дейін Ресейде мұз кесектері екі нәрестенің өмірін қия жаздағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:22, 19 наурыз 2026
Канар аралдарында екі күнде 84 жер сілкінісі тіркелді: апат қаупі бар
-
12:17, 19 наурыз 2026
Қате диагноз студент қызды екі аяғынан айырды
-
12:05, 19 наурыз 2026
Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 19 наурыз
-
11:51, 19 наурыз 2026
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ президенті Дональд Трамптан хат келді
-
11:46, 19 наурыз 2026
Оңтүстікте 500 теңге үшін екі бауыр соққыға жығылды





