Полиция қоғамдық орындарда бетті тұмшалауға тыйым салу туралы нормаларды түсіндіріп жатыр
© Сурет: polisia.kz
Алматыда полиция қоғамдық орындарда бетті тұмшалауға тыйым салу туралы нормаларды түсіндіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматыда полиция қызметкерлері, қоғамдық орындарда адамның бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киім түрлерін киюге тыйым салу жөніндегі заңнамадағы жаңалықтарды түсіндіру жұмысын жалғастыруда. Бұл жұмыс құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мақсатында жүргізіліп жатыр.
Алматы жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаевтың айтуынша, енгізілген жаңалықтардың басты мақсаты – қоғамдық орындарда тұлғаны жылдам әрі нақты анықтауға мүмкіндік жасау. Бұл құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды ашуда аса маңызды.
"Тыйым тек бетті толық жабатын киімге қатысты: мысалы, балаклава, бетперде немесе никаб. Заңда ақылға қонымды ерекшеліктер де қарастырылған: бұл ауа райына, денсаулық жағдайына, қызметтік міндеттерді орындауға және бұқаралық іс-шараларға қатысуға байланысты жағдайлар", – деді Серік Шумаев.
Полиция түсіндіру жұмыстары жалғасатынын атап өтті. Барлық қабылданып жатқан шара қолданыстағы заңнамаға толық сәйкес жүргізіліп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, соның ішінде ар-ождан және діни сенім бостандығын сақтау талаптарына сай жүзеге асырылып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:55, 27 шілде 2026
Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты
-
21:55, 27 шілде 2026
Шекарада кезекке тұрғысы келмеген көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты
-
21:26, 27 шілде 2026
«Өрт қаупі жоғары». Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:54, 27 шілде 2026
«Көрсетілген процедурадан кейін адамның жағдайы нашарлаған». Ақтауда медициналық орталық жазаланды
-
20:44, 27 шілде 2026
Грант бойынша міндеттемесін орындамаған студент мемлекетке тұрақсыздық айыбын төлемейтін болды





