Полиция бетті тұмшалауға қатысты талаптарды сақтауға шақырады

15:12, 25 маусым 2026

© Фото: Zakon.kz

Қазақстанда қоғамдық орындарда адамның бет-әлпетін тануға мүмкіндік бермейтіндей дәрежеде бетін жабатын киім киюге шектеу енгізілді.

Алайда бұл талап медициналық көрсетілімдерге, ауа райы жағдайларына, қызметтік міндеттерді орындауға, азаматтық қорғау шараларына, сондай-ақ спорттық және мәдени іс-шараларға қолданылмайды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, өзгерістің мақсаты — қоғамдық қауіпсіздікті күшейту және азаматтарды сәйкестендіру мүмкіндігін арттыру.

Заң дәстүрлі діни киімдерге қатысты емес және ар-ождан мен діни сенім бостандығын шектемейді.

Аталған талап "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" заңның 75-бабының 3-тармағында көзделген. Полиция тұрғындарды заң талаптарын сақтауға шақырады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!