Пойыздағы жаппай улану: Алматыдағы балалардың жағдайы белгілі болды
© Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 11 желтоқсанда Алматыда пойыздағы түсірілімге қатысқан ондаған массовка қатысушыларының улануы туралы хабар Қазнетті дүр сілкіндірді. Бүгін, 12 желтоқсан күні дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы толық ақпарат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының (ҚДСБ) дерегінше, барлығы 52 адам зардап шеккен, олардың арасында балалар да бар.
Тексеру нәтижелері бойынша 11 бала ауруханаға жатқызылған, екеуі жансақтау бөліміне түскен.
"12 желтоқсандағы жағдай бойынша жансақтау бөліміндегі екі науқас профильді бөлімшеге ауыстырылды. Қалған пациенттер тексеруден өтіп, көмек көрсетілгеннен кейін тұрғылықты жерлеріндегі амбулаторлық бақылауға жіберілді", – делінген Zakon.kz тілшісінің ресми сауалына берілген жауапта.
Сонымен қатар, ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында екені атап өтілді.
"Барлығы қажетті көлемде медициналық көмекпен қамтамасыз етілген", – деді мамандар.
Оқиға болғаннан кейін куәгерлердің бірі жағдайдың қалай өрбігенін егжей-тегжейлі айтып берген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:11, 15 қаңтар 2026
Қазақстандық тұрғын әкімдікке қарсы сотты жеңіп, 100 млн теңгеден астам өтемақы алады
-
10:54, 15 қаңтар 2026
Мәулен Әшімбаев: Парламенттік реформалар – елдің саяси жүйесін жаңғыртудың кілті
-
10:43, 15 қаңтар 2026
Қостанайлық полицейлер дәрігерлердің төбелесін тергеуде
-
10:30, 15 қаңтар 2026
Ауа райының бұзылуына байланысты Алматыда 1000-нан астам арнайы техника жұмылдырылады
-
10:24, 15 қаңтар 2026
Қазақстанда алғаш рет итке жамбас-сан буынын ауыстыру отасы жасалды





