Пәтер сатып аларда ақшасыз да баспанасыз да қалуыңыз мүмкін - жаңа алаяқтық схема
© Фото: pexels
Ресейде жаңа алаяқтық түрі тарауда: пәтер сатылады, сатып алушы ақшасын төлеп, келісімшартты рәсімдейді. Алайда біраз уақыттан кейін сатушы сотқа жүгініп, келісімді жарамсыз деп тануды талап етеді. Соның нәтижесінде сатып алушы баспанасыз да ақшасыз да қалады. Толығырақ Zakon.kz ақпарында.
Схема қалай іске асады?
Жасы келген сатушы пәтерін нарық бағасынан едәуір арзанға қояды. Сонымен бірге үйді бірден босатпай, "жөн-жосық жинап алуға уақыт беріңіз, қазір баратын жерім жоқ, тез арада жаңа үй табамын" деп өтінеді. Сатып алушы арзан бағаға қызығып әрі адамгершілікпен қарап, бірден келісе кетеді.
Міне, алғашқы - әрі өте қауіпті қателік. Мұндағы қателік қандай?
Тұрғын үй – адамның қол сұғылмайтын құқығы. Бұл РК Конституциясының 25-бабында да, РФ Конституциясының 25-бабында да көрсетілген: "Сот шешімінсіз ешкімді тұрғынжайынан айыруға болмайды".
Сатушы мәміледен кейін сотқа барып, келісімді жарамсыз деп тануды талап етсе, сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін оны пәтерден шығара алмайсыз. Ал сот процесі – ұзақ: бірінші инстанция, апелляция, кассация, қажет болса – Жоғарғы сот. Осылайша, сот аяқталғанша сатушы пәтерде тұра береді.
Бірақ сатып алушы сатушыдан үйді бірден босатуды талап етсе не болар еді?
Егер сатып алушы келісім жасалған сәтте үйді босатып, кілтті алып, өзі кіріп алса, жағдай керсінше өрбиді: сотқа сатушы жүгінген күннің өзінде оны үйден шығара алмайды. Себебі сатып алушы да сот шешімі шықпайынша "қорғалған тұрғын" болып есептеледі.
Ең басты ереже: Ақшаны төлегеннен кейін дереу пәтерге кіру керек
Сатушы мәмілені жарамсыз деп тануды сұрағанда, сот ең алдымен мынаған қарайды:
Сатушы пәтерді расымен сатқысы келді ме? Егер ол үйден шықпаған, заттарын жинамаған, бұрынғыдай тұрып жатқан болса – бұл оның шынайы ойында пәтерді сату болмағанын дәлелдеуі мүмкін.
Осы аргумент алаяқтардың басты құралына айналады.
Мәмілені жарамсыз деп танудың себептері көп:
- сатушының "өз әрекетінің мәнін түсінбеуі" (жасы үлкендер жиі осы бапқа сүйенеді);
- кәмелетке толмаған тұлға;
- әрекетке қабілетсіздік;
- мәміленің жалған, мүлдем басқа мақсатпен жасалуы;
- алдау, қорқыту, мәжбүр болу;
Алаяқтардың арбауына түспеу үшін не істеу керек?
1. Пәтерге ақшаны берген бойда кіріп алыңыз
Пәтерді сатушыда қалдырмаңыз. Бұл – ең басты қауіпсіздік шарасы.
2. Мәмілені нотариустың қатысуымен жасаңыз
Заң бойынша міндетті емес, бірақ өте маңызды. Нотариус - мәміле тараптарының еркін растайтын адам.
3. Ақшаны тек банктік аударым арқылы төлеңіз
Жасырын қолма-қол есеп айырысу - алаяқтарға ең жақсы мүмкіндік.
4. Күдікті төмен бағаға алданып қалмаңыз
Арзан пәтер - ең бірінші "құрық".
5. Сатушыны пәтерден толық шығарып барып мәміле жасаңыз
Кілт - сізде болуы тиіс.
6. Құжаттарды аса мұқият тексеріңіз
Әсіресе:
- меншік құжаты,
- сатушының әрекетке қабілеттілігі,
- пәтерде ешкім тіркеуде тұрмағаны,
- кепілдер мен тыйымдардың жоқтығы.
Қазақстандағы құқықтық база Ресейге өте ұқсас. Сондықтан пәтерлік алаяқтық схемалары бізде де пайда болуы мүмкін. Ең әлсіз тарап – ақшаны беретін сатып алушы. Сондықтан тәуекелді барынша азайту үшін мәмілені сауатты, сақтықпен жасай білу қажет.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:24, 12 желтоқсан 2025
Оралда ер адам жалған ақшаны пайдаланып, тауар сатып алып жүрген
-
18:16, 12 желтоқсан 2025
Алматыда мектепке қатысты қорқыту жазбасын жазған 8-сынып оқушысы ұсталды
-
18:06, 12 желтоқсан 2025
Шаңғы жарысынан Әлем кубогы кезеңі: қазақстандық спортшылар командалық спринтте бақ сынайды
-
17:45, 12 желтоқсан 2025
Хоккейден жастар арасындағы ӘЧ: Қазақстан элиталық дивизионға шығу мүмкіндігінен айырылды
-
17:30, 12 желтоқсан 2025
Қазақстанда 13 желтоқсанда тұман түсіп, боран соғады





