Павлодарда 23 жастағы қыз құбыр тазалайтын құралдан уланып қалды

13:30, 22 қыркүйек 2026
MKZ: 1568187

© Сурет: pexels

Павлодар қаласының 23 жастағы тұрғыны үй жинау кезінде құбыр тазалайтын құралдан тараған улы буға уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz хабарлайды.

"Павлодар-онлайн" мәліметінше, қыз химиялық заттың улы буын жұтып қойған. Соның салдарынан ол жеңіл дәрежеде жедел химиялық заттан уланған. Науқас Павлодар қалалық №3 ауруханасына жеткізілді.

Сондай-ақ Успенкада да тұрмыстық химиялық заттан уланудың тағы бір жағдайы тіркелді. 42 жастағы әйел үйінің еденін бояған. Келесі күні оның басы айналып, жүрегі айнып, бойын әлсіздік билеген.

Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері әйелді аудандық ауруханаға жеткізді.

Мамандар улы заттармен жұмыс істегеннен кейін бас айналу, жүрек айну немесе тамақтың жыбырлауы сияқты белгілер пайда болса, дереу таза ауаға шығып, жедел жәрдем шақыру қажет екенін ескертеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!