Күздің ең пайдалы өнімі: мамандар асқабақты не үшін жеу керегін түсіндірді

14:22, 22 қыркүйек 2026
MKZ: 1568204

© Сурет: pexels

Көпшілік асқабақты күздің суперфуды деп атайды. Бұл – қолжетімді, маусымдық әрі калориясы төмен, пайдалы қасиеті мол өнім. Бұл туралы Zakon.kz талдайды.

"Газета.Ru"мәліметінше, асқабақтың құрамында калий, С дәрумені және басқа да микроэлементтер бар. Сонымен қатар ол адамды жақсы тойдырып, тағамның калориясын айтарлықтай арттырмай-ақ, рациондағы көкөніс мөлшерін көбейтуге мүмкіндік береді.

100 грамм шикі асқабақтың құрамында небәрі 22 килокалория бар. Асқабақтың ерекше сарғылт түсі каротиноидтарға, ең алдымен, бета-каротинге байланысты. Ол адам ағзасында А дәруменіне айналуы мүмкін. А дәрумені көру қабілетінің, тері мен иммундық жүйенің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет, – деді техника ғылымдарының кандидаты Дмитрий Быстров.

Асқабақтың дәнін де тастамаған жөн. Оның құрамында өсімдік ақуызы, май қышқылдары, магний мен мырыш бар.

Асқабақтың тағы бір ерекшелігі – оны пайдалы қасиеттерін айтарлықтай жоғалтпай, пісіруге, бұқтыруға, буға дайындауға, сондай-ақ сорпа мен ботқаға қосуға болады. Каротиноидтар қалыпты термиялық өңдеуге жеткілікті төзімді.

Бұған дейін дәрігерлер танымал сусындардың – шай, кофе, матча және каркаденің адам ағзасына қалай әсер ететінін айтып берген еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!