Павлодарда жалған нөмір таққан Nissan жүргізушісі қамауға алынды

13:55, 12 тамыз 2026
MKZ: 1560927

© Фото: Zakon.kz

Павлодарда көлігіне көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін таққан жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқық бұзушылық "Ертіс" бақылау-өткізу бекетінің маңында анықталған. Тексеру кезінде Nissan автокөлігіне тағылған мемлекеттік нөмірдің бұған дейін есептен шығарылғаны белгілі болды. Көлік арнайы тұраққа қойылды.

Павлодар облысы Полиция департаменті патрульдік полиция ротасының командирі Әсет Рыспаевтың айтуынша, жүргізушіге қатысты материалдар жинақталып, сотқа жолданған.

Сот шешімімен ол бір жылға көлік басқару құқығынан айырылып, бір тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция көлікке тек ресми түрде тіркелген мемлекеттік нөмір тағылуы қажет екенін ескертті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!