Павлодар – Семей тас жолында жеңіл көлік аударылып, төрт бала зардап шекті

18:26, 16 қыркүйек 2024

© Сурет: Zakon.kz

13 қыркүйекте сағат 15:00 шамасында Павлодар – Семей тас жолында жеңіл көлік аударылды. Көлікте төрт бала болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, бұғана сүйегі сынған 15 жасар қыз травматология бөліміне жатқызылды. 12 жасар бала оң жақ қабағының үстінен жарақат алған, сондай-ақ екі білегі сырылған.

"Олар ем-шараны амбулаторияда алуда. Ал бас миының жабық жарақаты, миы шайқалған деген диагнозбен тоғыз жасар бала травматология бөліміне жатқызылды. Денесінде көгеру мен сырылған жерлері бар екі жасар қыз амбулаториялық жағдайда ем алуда", делінген хабарламада.

Дәрігерлердің айтуынша, бүгінгі таңда балалардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Үлкен қызға ота жасалды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!