Павлодар облысында сталкинг деректері бойынша істер тіркелді
© Фото: Zakon.kz
Қудалаудың алдын алуға, азаматтардың құқықтарын қорғауға және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған "Stop сталкинг" республикалық акциясы аясында Павлодар облысында сталкинг деректері бойынша екі ер адамға қатысты қылмыстық істер қозғалды.
Алғашқы оқиға Ертіс ауданы аумағында тіркелді. Аудан орталығының тұрғыны полицияға бұрынғы жұбайының өзін жүйелі түрде қудалап жүргенін хабарлаған. Оның айтуынша ер адам әлеуметтік желілер арқылы қайта-қайта хабарламалар жіберіп, жәбірленушінің еркінен тыс байланыс орнатуға тырысқан.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Екінші жағдай Павлодар қаласында болды. Қала тұрғыны полицияға жүгініп, бұрынғы жігітінің соңғы бес жыл бойы мазасын алып жүргенін жеткізген. Ол әлеуметтік желілер арқылы қорлау сипатындағы хабарламалар жолдап, қорқыту әрекеттерін жасаған.
Аталған азамат Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция сталкинг – бұл адамның еркінен тыс байланыс орнатуға немесе аңдуға бағытталған заңсыз, жүйелі қудалау әрекеттері екенін еске салады.
Өзіңізді сталкингтен қорғау үшін:
- қарым-қатынасты жалғастыруға ниетті емес екеніңізді нақты білдіру; барлық байланыс арналарын тоқтату;
- қудалау әрекеттерін дәлел ретінде тіркеу; уақтылы құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.
Полиция азаматтарды мұндай деректерді жасырмауға және өз құқықтарын қорғау үшін дер кезінде тиісті органдарға хабарласуға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:04, 17 ақпан 2026
Әли Оқапов жағымды жаңалығымен бөлісті
-
10:53, 17 ақпан 2026
2026 жылғы қысқы Олимпиада: 17 ақпан күні отандастарымыздың арасынан кімдір бақ сынайды
-
10:45, 17 ақпан 2026
Батысқазақстандық ірі бизнес өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдады
-
10:38, 17 ақпан 2026
Түркияда көмір шахтасы опырылып түсті
-
10:25, 17 ақпан 2026
Қазақстанға тағы бір шетелдік әуе рейсі ашылады





