Павлодар облысында 73 мас жүргізуші жауапқа тартылды
© Фото: pexels
Павлодар облысында полицейлер "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды.
Іс-шара барысында тәртіп сақшылары жолдағы жағдайға күшейтілген бақылау жүргізіп, Жол қозғалысы қағидаларын бұзу деректерінің жолын кесті.
Жедел-профилактикалық іс-шара нәтижесінде жол қозғалысы қағидаларын бұзудың 2733 дерегі анықталды. Оның ішінде 1130 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған, 465 жүргізуші көлік құралын басқару кезінде телефон пайдаланған, тағы 255 жүргізуші техникалық жай-күйі талапқа сай келмейтін көлікті басқарған, ал 32 жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шыққан.
Сонымен қата полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған 73 жүргізушіні ұстады.
Жол қозғалысы қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілік жыл сайын күшейтіліп келе жатқанына қарамастан, кейбір жол қозғалысына қатысушылар әлі де болса немқұрайлық танытып, қауіпсіздік талаптарын елемейді. Мұндай жауапсыздық көбіне ауыр, тіпті қайғылы салдарға әкеледі, – деді Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафинов.
Полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол ережесін қатаң сақтауға, жолда өзара сыйластық пен жауапкершілік танытуға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:46, 20 шілде 2026
Шенеунік Ақтауда белең алғанына бір айдан асқан автогаз тапшылығы қашан жойылатынын айтты
-
22:23, 20 шілде 2026
Маңғыстаудың жерасты мешіттері: Қарин ЮНЕСКО номинациясына қалай дайындалғанымызды айтып берді
-
21:56, 20 шілде 2026
Сейсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:33, 20 шілде 2026
Өскеменде жеңіл көлік жол апатына ұшырап, екі жасөпірім қаза тапты
-
20:30, 20 шілде 2026
Мемлекеттік академиялық би театрына Болат Аюхановтың есімі берілді





