Павлодар облысында киберполицейлер зейнеткердің 5 млн теңгесін алаяқтардан сақтап қалды
© Фото: freepik
Павлодар қаласында зейнеткерге қатысты телефон арқылы жасалған алаяқтық әрекеттің жолы кесілді.
Белгісіз тұлғалар зейнеткерге қоңырау шалып, өздерін домофон қызметінің қызметкерлері ретінде таныстырып, құрылғыны ауыстыру жоспарланып отырғанын, тіркеу үшін СМС-кодты айту керегін түсіндірді.
Қоңырау шалушының сөзіне сенген әйел алынған кодты хабарлаған. Біраз уақыттан кейін оған қайтадан белгісіз адамдар хабарласып, СМС-кодты бергеннен соң оның деректеріне рұқсатсыз кіру жүзеге асырылғанын айтқан.
Кейін алаяқтар өздерін құқық қорғау органдарының және Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері ретінде таныстырып, қылмыскерлерді ұстау үшін шоттарындағы ақшаны шұғыл түрде шешіп алып, әрі қарай нұсқауларды күту қажет екенін түсіндірген.
"Алаяқтардың нұсқауын орындаған әйел қаланың екі екінші деңгейлі банк бөлімшесіне барып, қаражат шешу және несие рәсімдеу әрекетін жасаған. Екінші банкке жүгінген кезде қызметкерлер алаяқтық белгілерін байқап, дереу полицияға хабарлаған. Құқық қорғау органдары мен банк қызметкерлерінің қырағылығының арқасында алаяқтықтың жолы кесіліп, зейнеткер 5 млн теңгеден айырылып қалмады", – деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асхат Әбетжанов.
Зейнеткер полиция қызметкерлеріне қырағылық танытып, қаражатын сақтап қалуға көмектескені үшін алғысын білдірді. Полиция азаматтарға мұқият болуды ескертеді: мемлекеттік органдар мен банк қызметкерлері ешқашан СМС-кодтарды хабарлауды, шоттардағы қаражатты шешіп алуды немесе үшінші тұлғаларға аударуды сұрамайды.
Осындай қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, полицияға хабарласу қажет.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:19, 11 наурыз 2026
Қытайда әлемдегі ең ұзын эскалатор кешені іске қосылды
-
11:04, 11 наурыз 2026
Қарағандыда патрульдік полицейлер есірткіге мас жүргізушіні анықтады
-
10:55, 11 наурыз 2026
Қазақстанда айына 3,6 млн теңгеге дейін кімдер табыс таба алады
-
10:47, 11 наурыз 2026
Қазақстанның тағы бір әуе компаниясы Дубайға рейстерді тоқтатты
-
10:32, 11 наурыз 2026
Алматыда бір түнде 27 см-ге дейін қар жауды, көшелерді тазалау жұмыстары жалғасып жатыр





