Өрт қауіпсіздігі аудитін жүргізетін сараптама ұйымдарын аккредиттеу тәртібі өзгерді
© Фото: Zakon.kz
Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 28 тамыздағы бұйрығымен өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізетін сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа тәртіпке сәйкес, қызмет алушы ұсынған өтініштен немесе құжаттардан қателер мен сәйкессіздіктер анықталса, олардың нысаны мен мазмұны белгіленген талаптарға сай келмесе немесе құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, қызмет көрсетуші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Мұндай жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі екі жұмыс күніне тоқтатылып, қызмет алушыға тиісті хабарлама жіберіледі.
Егер өтініш беруші белгіленген мерзімде кемшіліктерді жойса, мемлекеттік қызметті алуға өтініш немесе құжаттар берілген күн ретінде оның алғашқы жүгінген күні есептеледі. Қызмет көрсету мерзімі анықталған кемшіліктер түзетілген сәттен бастап қайта жалғасады.
Ал белгіленген екі жұмыс күні ішінде кемшіліктер жойылмаса, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметті алу құқығының туындауына қатысы жоқ талаптар қызмет көрсетуден бас тартуға негіз бола алмайтыны нақтыланды.
Осындай толықтыру ұйымдарда, елді мекендер мен нысандарда өрттің алдын алу және оны сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өрт сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына кәсіби өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларына және өзге де құжаттарға енгізілді.
Бұйрық 2026 жылғы 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:23, 2 қыркүйек 2026
«Жылдың ең құнды олжасы»: «Алтын-Емелде» сирек кездесетін сілеусін көзге түсті
-
15:19, 2 қыркүйек 2026
Доллар 456 теңгеге дейін түсті: теңге неге нығайып жатыр?
-
15:03, 2 қыркүйек 2026
Қазақстанның жаңа Сыртқы істер министрі тағайындалды
-
14:58, 2 қыркүйек 2026
ҰҚК терроризм мен экстремизмге қатысты 19 адамның сотталғанын, 28 күдіктінің ұсталғанын хабарлады
-
14:50, 2 қыркүйек 2026
Telegram-нан жұмыс тапқан алматылық әйел 2 келі есірткімен ұсталды





