Орал тұрғыны анасының өлімі үшін ауруханадан екі миллион талап етті
© Фото: Zakon.kz
Орал тұрғыны анасының өлімі үшін ауруханадан екі миллион теңге өтемақы өндіріп алды. Жоғарғы соттың баспасөз қызметі сот ісінің егжей-тегжейлерін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Соттың мәліметінше, 2019 жылы жедел жәрдем бригадасы дене қызуы көтеріліп, жалпы әлсіздікпен 76 жастағы әйелді Орал қалалық ауруханасына жеткізген.
Дәрігерлер созылмалы бронхит пен пневмония деген диагноз қойып, терапия бөліміне жатқызған. Ем нәтиже бермей, науқастың жағдайы ауырлаған. Компьютерлік томография плеврит деген күдікті көрсеткен. 4 аптадан кейін науқастың жағдайы нашарлауына байланысты облыстық ауруханаға жеткізіліп, сол жерде қайтыс болған.
Қайтыс болған әйелдің ұлы Денсаулық сақтау басқармасына дәрігерлердің салғырттығы мен тиісті ем қабылдамағаны туралы шағыммен жүгінген, тексеру барысында аурухана тарапынан заң бұзушылықтар анықталған.
Тексеру материалдары Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментіне жолданып, қылмыстық іс қозғалып, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты бірнеше рет тоқтатылып, прокуратура күшін жойған.
Денсаулық сақтау басқармасы қалалық аурухананың қарсылығын қабылдамағандықтан, марқұмның ұлы ауруханадан моральдық шығынды өтеу туралы Орал қаласының No2 сотына шағым түсірген.
Ол ананың өліміне сапасыз медициналық көмек пен қалалық аурухана дәрігерлерінің әрекетсіздігі себеп болғанын атап өткен.
Сондай-ақ талап қоюшының анасы емделіп жатқан аурухананың терапия бөлімінде жалпы практикалық дәрігердің куәлігі бар маман жұмыс істегені, оған құқығы жоқ екені туралы факт анықталды.
Сарапшы науқасқа оның жасы мен онда бар созылмалы аурулары, соның ішінде, бүйректің жедел зақымдануын тудырған антибиотиктер ескерілмей, дәрі-дәрмек тағайындалғанын анықтады.
Тиісті бактерияға қарсы препараттар мен гемодиализді енгізу науқастың өмірін ұзартуы мүмкін еді.
"Сот медициналық құжаттарды, сарапшылық қорытындыларды және тексеру актісін ескере отырып, дер кезінде қайталама сынақтар өткізбеу, науқастың жағдайын дұрыс бағаламау, емдеуді кеш түзету, нефрологтың кеңесінің уақытында болмауы мен консилиумның кеш жүргізілуі аурудың нәтижесіне әсер еткенін және өлімге әкеліп соққанын анықтады." Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі
Жоғарыда айтылғандардың негізінде талап қою ішінара қанағаттандырылды: талап қоюшының пайдасына ауруханадан 2 млн теңге моральдық шығын өндірілді.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:30, 21 желтоқсан 2024
Тоқаев Германия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
-
16:25, 21 желтоқсан 2024
Астанада «несие алып бергіш» әйел құрықталды
-
15:48, 21 желтоқсан 2024
Жетісу облысында кезекті есірткі зертханасының көзі жойылып, шетелдік азаматтар ұсталды
-
15:29, 21 желтоқсан 2024
Байбазаровтың орнын Жұманғарин басты. Сарапшы Үкіметтегі ауыс-түйістің нені білдіретінін айтты
-
14:41, 21 желтоқсан 2024
Қазақстандағы Италия елшісі қызметінен кетті