Мұғалімдер қалай Youtube жұлдызына айналды? Қашықтықтан оқытудың қазақстандық үлгісі
© Сурет: МЕКТЕП OnLine
Бүгінде елімізде оқушылардың алаңсыз білім алуына барлық жағдай жасалғанымен, оқу бағдарламасы да соншалықты күрделі. Заман талабы үнемі ізденісте болуға итермелеп, сабақты сапалы әрі қызықты өткізудің қаншама жаңа әдістері қолданылуда.
Әсіресе, коронавирус індеті, сондай тың тәсілдерді қашықтықтан оқытуда ойлап табуға мәжбүрледі. Нәтижесінде, Қазақстанда, екі жылдан астам уақыт бұрын «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен «МЕКТЕП OnLine» жаңа тегін білім беру жобасы пайда болды. Бұл дегеніңіз, mektep-online.kz сайты мен қазақ және орыс тілдеріндегі YouTube арналары.
Жобаны жасаушылардың айтуынша, мұндағы мақсат – күрделі мектеп пәндерін балаларға қарапайым түрде түсіндіру.
Жобаның шынымен қажет болғаны сондай, YouTube қаралымдары бүгінгі таңда жалпы алғанда 27 миллионға жуықтап, жазылушылар саны 445 мыңды құрайды. «МЕКТЕП OnLine Математика» арнасы болса, биыл өзінің алғашқы марапатын – YOU Tube күміс түймесін иеленді.
Жобаға жеткілікті тәжірибесі бар және өзінің пәнін өте жақсы білетін талантты педагогтар таңдалған. Өйткені, білім беру жобасының табыс кілті тікелей солардың кәсібилігіне байланысты екені аян. Бүгінде бұл мұғалімдер YouTube жұлдыздарына айналған. Оларды мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары көшеде танып, «МЕКТЕП OnLine» жобасының оқытушылары жұмыс істейтін мектептерге ауысуға тырысуда.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» мен «МЕКТЕП OnLine Математика» арнасының оқытушысы Лаура Тәтиева, оның көмегіне тек балалар ғана мұқтаж емес екенін әңгімелейді.
«Қазақстанның түрлі қалаларындағы жас әріптестерім менен сабақтарым туралы сұрай бастаған кезде таңғалдым. Әрине, оларға математика немесе геометрия бойынша қосымша сабақтар қажет емес, ең алдымен педагогикада тәжірибе алғысы келетіні түсінікті. Күрделі тақырыптарды қарапайым сөздермен қалай түсіндіру керектігін, ақпаратты ұсынуды, орта мектеп оқушыларының алдында қалай қысылып-қымтырылмауды біле қоймайды».

«TAMOS Education физика-математика мектебі» мен «МЕКТЕП Физика» арнасының оқытушысы Ринат Ибраимов көптеген әріптестері, басқа мектептердегі физика пәнінің мұғалімдері, жас оқытушылар мен аға буын ұстаздары өз оқушыларына оның бейнесабақтарының сілтемелерін жіберетінін келтіреді.
«Осылайша оқытушылар балалар тақырыпты тағы бір рет еске түсіріп, оны тереңірек түсіне алатынына үміт етеді. Білесіз бе, бұл маған он минут сабақты мүмкіндігінше қарапайым және түсінікті етіп жеткізуде зор жауапкершілік жүктейді. Бейнежазбаның астындағы мектеп оқушыларының пікірін оқығанда, қолданбалы және пайдалы ғылым саналатын физиканың көптеген адамдарға ұғынықты болып жатқанына қуанамын».

«МЕКТЕП OnLine» жобасының оқытушылары оқушылар барлығы жаппай ғалым болып кетпесе де, мектепте алған білімін әрі қарай нақты өмірінде жаратса екен дейді.
«Бүгінде технологиялық қарыштап даму химия, биология, физика, математика сияқты ғылымдардың дамуына байланысты болып отыр. Сондықтан мектеп мұғалімдерінің міндеті – балаларға болашақ көкжиегінің негізін құрайтын, елімізде ғалымдардың, кәсіби фармацевтердің, биотехнологтардың және басқа да көптеген мамандардың жаңа буынын өсіруге көмектесетін басты білімнің үлкен көлемін бере білу. Бірақ осы негізгі сабақтардың арасында да өте күрделі тақырыптар бар. Мұғалім болып жұмыс істеген жылдарымда әр сабақ үшін белгілі бір алгоритм сұлбасын жасадым, бұл кез-келген оқушыға тақырыпты барынша ұғынықты түсіндіруге көмектеседі. Өзімді дүниежүзіне танымал мұғалім сезіне бастадым. Өйткені бізді тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де көреді», - дейді №95 жалпы білім беретін мектеп пен «МЕКТЕП OnLine» жобасының химия оқытушысы Татьяна Белоусова.

Көп нәрсе мектеп мұғалімінің кәсіби және жеке қасиеттеріне байланысты екені анық. Себебі жас ұрпақтың тақырыпты меңгеріп, ұнатуы, болашақта дұрыс мамандық таңдауы маңызды.
«Мысалы, келешек биолог медицинада, азық-түлік өндірісінде, ауыл шаруашылығымен байланысты мамандықтарда, экологиялық секторда, гендік инженерияда және басқа да көптеген кәсіптерде қызмет атқара алатыны белгілі. Оқушыларыма күнделікті өмірде де адам ағзасында болып жатқан процестерді анық түсіне отырып, дәрігерге қашан бару керектігін, вакцинация қажет пе, есік алдындағы бау-бақшаңнан жақсы өнім алудың қыр-сырын білу артық етпейді. «МЕКТЕП OnLine» жобасының арқасында шешендік қабілетімді шыңдап, көпшілік алдында өз ойларымды айқын, сенімді жеткізе бастадым. Ал бейнесабақтарға қатыс әрбір оң пікір кәсіби тұрғыда өсіп-өнуіме айрықша ынталандырады», - дейді Республикалық физика-математика мектебі мен «МЕКТЕП OnLine» жобасының биология мұғалімі Бауыржан Смайлов.

Барлық балалар санатына қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді білім беруді көздейтін «МЕКТЕП OnLine» әлеуметтік жобасы қанат жайып келеді. Оған дәлел, бүгінде бастауыш сынып оқушыларына арналған жаңа «ARMAN Kids» YouTube арнасының тұсауы кесілді. Алдағы уақытта онлайн оқыту жүргізілетін пәндер қатарын кеңейту жоспарлануда.

Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:59, 7 сәуір 2026
Талдықорғанда микронесиелерді рәсімдеумен байланысты бопсалау деректері әшкереленді
-
09:42, 7 сәуір 2026
Бүкіл қоғам үшін қауіпті: Бас прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады
-
09:23, 7 сәуір 2026
Қытайдың мемлекеттік қарызы тарихи межеден өтті
-
09:16, 7 сәуір 2026
Бала қасқыр қоршауына кіріп кеткен: ата-анасына айып тағылды
-
09:05, 7 сәуір 2026
Күшті әсер ететін дәрілік заттардың заңсыз айналымына байланысты 16 қылмыстық іс қозғалды





