Мемлекеттік кірістер комитеті басшысының өкілеттіктері кеңейтілді
© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Қаржы министрінің 2026 жылғы 20 тамыздағы бұйрығымен ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережеге өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатта, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, комитет басшысын ҚР қаржы министрі лауазымға тағайындайтыны және лауазымынан босататыны көрсетілген.
Мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық бөлімшелері басшыларын тағайындау тәртібі өзгертілді.
Енді Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы мына қызметкерлерді лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады:
- өзінің орынбасарларын;
- облыстар, астана және республикалық маңызы бар қалалар бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшыларын;
- Бас диспетчерлік басқарманың басшысын;
- мамандандырылған мемлекеттік мекемелердің басшыларын;
- комитеттің қарамағындағы ұйымның басшысын.
Бұған дейін аумақтық департаменттердің басшыларын премьер-министрмен және Президент Әкімшілігінің басшысымен келісу арқылы қаржы министрі тағайындайтын.
Сонымен қатар Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысына аталған санаттағы қызметкерлерді іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, оларды оқыту, біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы белгілеу және сыйлықақы беру мәселелері бойынша тиісті өкілеттіктер беріледі.
Ережеге комитеттің қарамағындағы ұйым ретінде "Digital Silk Road Company" ЖШС де енгізілді.
Бұйрық 2026 жылғы 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:27, 1 қазан 2026
Қазақстандық кәсіпкер АҚШ-қа миллиард теңгеге жуық қаржы аударып, ұзақ мерзімге сотталды
-
11:16, 1 қазан 2026
Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларына бақылау күшейтіледі: 1 желтоқсаннан бастап не өзгереді
-
11:02, 1 қазан 2026
Халықаралық бағыттар үшін авиаотынды субсидиялау қағидалары өзгерді
-
10:53, 1 қазан 2026
Алматыда заңсыз құрылысқа бақылау күшейтіледі: жыл басынан бері 52 нысан бұзылды
-
10:47, 1 қазан 2026
50 тонналық цистерна және 40 млрд теңге: ҰҚК мен полиция Қарағанды облысында арнайы операция жүргізді





