Нұрлан имам Дональд Трамп қатысқан таңғы діни асқа барды

18:35, 6 ақпан 2026

© Сурет: instagram.com/nurlanimam.kz

2026 жылғы 5 ақпанда Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамптың қатысуымен Ұлттық дұға таңғы асы өтті. Оған қазақстандық танымал имам, теолог әрі ағартушы Нұрлан қажы Асанов қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 47 жастағы имам өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Америка Құрама Штаттарының астанасы Вашингтонда әдеттегі 74-ші Таңғы ас рәсіміне қатысуға келдім. АҚШ президенті Дональд Трамп мырза өзі қатысатын ас – биыл екі мыңдай әлем тұлғаларын жинаған ерекше алқалы жиын", – деп жазды ол.

Нұрлан имамның айтуынша, егер қазақстандық жастар рухани құндылықтарға негізделген дәстүрлерді берік ұстанып, білім мен ғылымға, өркениет пен мәдениетке ұмтылса, олардың алдында әлемнің көптеген есігі ашылады.

Айта кетейік, Ұлттық дұға таңғы асы Вашингтонда жыл сайын ақпан айының алғашқы бейсенбісінде өткізіледі. Бұл дәстүр 1953 жылдан бері жалғасып келеді. Шараға АҚШ президенті, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен келген діни көшбасшылар, саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, дипломаттар мен бизнес өкілдері қатысады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!