Нұр-Сұлтандық әйел таныс еркекті мас қылып, ақшасын ұрлап кетті

11:59, 27 қараша 2020

Полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтанда ақша ұрлау күдігімен күдікті әйелді ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Тергеу барысында анықталғандай, әйел таныс еркектің пәтерінде онымен бірге спирттік ішімдік ішісіп, ақыры ақшасын ұрлап кетіпті.

Есін жиған еркек полицияға келген.

Полицияға жеткізілген әлгі әйел бәрін мойындап, ұрлаған ақшаны жоқ қылып үлгергенін айтты.

Сөйтсек, бұл әйел бұрын екі рет сотталып шығыпты. Бұған дейін де "клиенттерін" мас қылып, ақшасын ұрлаған екен.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!