Неке қию мен некені бұзу көрсеткіштерін есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізілді
© Фото: freepik
Ұлттық статистика бюросының басшысы 2026 жылғы 12 қаңтардағы бұйрығымен неке қию және некені бұзу (ерлі-зайыптылықты тоқтату) көрсеткіштерін есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізді.
Өзгерістерге сәйкес, некелер мен ажырасулар туралы ақпараттың негізгі дереккөздері ретінде азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының акт жазбалары, сондай-ақ соттардың некені бұзу туралы заңды күшіне енген шешімдері негізінде азаматтық хал актілерін тіркеу органдарына ұсынылатын мәліметтер айқындалды.
Неке қию туралы акт жазбаларындағы мәліметтерден статистикалық өңдеу барысында некені тіркеу күні мен орны, сондай-ақ некеге тұрушылардың әрқайсысы бойынша туған күні, жасы, азаматтығы, бұрынғы отбасылық жағдайы, ұлты, білім деңгейі және тұрақты тұратын жері пайдаланылады.
Сонымен қатар, ағымдағы статистика жөніндегі бюро некелердің санын, некелесуінің жалпы коэффициентін, жас ерекшелігі бойынша некелер санын, отбасылық жағдайына қарай некелерді, алғаш рет некеге тұрған ерлер мен әйелдердің орташа жасын, сондай-ақ ұлтаралық некелерді қалыптастырады. Халық санағының қорытындысы бойынша некедегі халық саны туралы статистикалық ақпарат жасалады.
Бұдан бөлек, ағымдағы статистика жөніндегі бюро ажырасулардың санын бұрынғы ерлі-зайыптылардың жас ерекшелігіне қарай, ұлтаралық ажырасуларды, алғаш некесін бұзған ерлер мен әйелдердің орташа жасын, сондай-ақ неке ұзақтығына байланысты ажырасуларды есептейді.
Аталған бұйрық 2026 жылғы 27 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:47, 11 наурыз 2026
Алматыда полиция қызметкері ауладағы әжетханаға құлап кеткен қызды құтқарып қалды
-
20:26, 11 наурыз 2026
Қызылорда – Ақтөбе бағытындағы жолды төрт жолақтыға кеңейту жобасының бірінші кезеңі басталды
-
20:12, 11 наурыз 2026
Астанада екпіні күшті жел салдарынан тоғыз қабатты үйдің қасбеті құлады
-
19:43, 11 наурыз 2026
12 наурызда елдің барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:30, 11 наурыз 2026
Астаналықтардың салық бойынша берешегі миллиардтаған теңгеге жетті





