Найзағай, жаңбыр, бұршақ, дауыл: 9 мамырда қай өңірлерде ескерту жасалды

19:12, 8 мамыр 2026

© Фото: pexels

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 9 мамырда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлытау облысының шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр, облыстың орталығында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Талдықорғанда күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Семейде жаңбыр, күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Облыстың батысында, орталығында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтауда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Өскеменде жаңбыр, күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қостанайда жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік -батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының тау бөктеріндегі, таулы аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 09 мамырда күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстік-батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырауда жаңбыр, найзағай күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Оралда жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Астанада кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістанда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Көкшетауда жаңбыр, найзағай, бұршақ, кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!