Найзағай ойнап, жаңбыр жауады: синоптиктер дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады
© Фото: pixabay
"Қазгидромет" РМК 2026 жылғы 6 шілдеге арналған Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, дүйсенбі күні республика аумағы арқылы атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.
"Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік пен шығыста екпінді жел соғып, дауыл тұрады. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде қатты жаңбыр күтіледі. Ал республиканың оңтүстік-батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Сондай-ақ Қазақстанның барлық өңірінде жел күшейеді. Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-батысында түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі.
Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында және Ұлытау облысында күндіз аптап ыстық болып, ауа температурасы +35…+40°C-қа дейін көтеріледі.
Түркістан облысында, Атырау облысының батысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының шығысында, Жамбыл облысының батысы мен солтүстігінде, сондай-ақ Ұлытау облысының орталығында өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.
Ал Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында, Абай облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының орталығында, Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және оңтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Ақмола облысының шығысында, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының батысында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:04, 5 шілде 2026
6 шілдеде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасады
-
16:45, 5 шілде 2026
Қазақстандық үш балуан күрестен U20 Азия чемпионатының финалына өтті
-
16:01, 5 шілде 2026
Камчаткадағы жанартау 12 шақырым биіктікке күл атқылады
-
14:48, 5 шілде 2026
Жамбыл облысында «Ғасырлар үні – домбыра» атты мерекелік концерт өтті
-
14:08, 5 шілде 2026
Астанада жеңіл автокөлік отқа оранды - видео





