Мұзды жанартаудың шыңынан табылған мумияланған қызға қатысты құпия ашылды
© Сурет: wikimedia
Ғалымдар Оңтүстік Америкада, Чили мен Аргентина шекарасындағы мұзды жанартаудың ең биік нүктесінен табылған, шамамен 500 жыл бұрын өмір сүрген мумияланған қызға қатысты жаңа деректерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл мумия "Льюльяйльяко қызы" немесе Ла Донселла деген атаумен белгілі. Ол 1999 жылы сөнген Льюльяйльяко жанартауының шыңында табылған үш мумияның бірі. Араға 27 жыл салып, ғалымдар олардың өміріне қатысты жаңа мәліметтерге қол жеткізді.
Зерттеулерге сәйкес, шамамен біздің дәуіріміздің 1500 жылына дейін Инк өркениеті кезінде үш бала қасиетті рәсім аясында 6700 метр биіктіктегі жанартау шыңына жеткізілген. Бұл рәсім "капакоча" деп аталып, балаларды құрбандыққа шалу дәстүрімен байланысты болған.
Ғалымдардың айтуынша, балалар рәсімге дейінгі соңғы айларда арнайы дайындықтан өткен. Олардың тағам рационына мәртебелі ас түрлері, кока жапырақтары мен алкоголь енгізілген. Радиокөміртекті талдау олардың шамамен 1430–1520 жылдар аралығында қайтыс болғанын көрсетеді.
Жаңа зерттеу нәтижелері рәсімнің нақты уақытын 1462–1507 жылдар аралығына нақтылап, шамамен 1499 жыл шамасында өткенін болжайды.
Археологтардың пікірінше, бұл рәсім тек діни мақсатта ғана емес, сонымен қатар саяси ықпал құралы ретінде де қолданылған. Инк билеушілері осындай салтанатты рәсімдер арқылы шалғай аймақтардағы халықты империяға біріктіруді көздеген.
Айта кетейік, Перуде археологтар шамамен 500 жыл бұрынғы өте жақсы сақталған картопты да тапқан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:53, 18 маусым 2026
Атырауда дрондар арқылы 320-дан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді
-
16:47, 18 маусым 2026
Семейде 7 миллион теңге көлеміндегі алаяқтық фактісі әшкереленді
-
16:33, 18 маусым 2026
Михаил Шайдоровқа 250 мың доллар сыйақы төленді
-
16:24, 18 маусым 2026
ІІМ елімізде кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін екенін түсіндірді
-
16:09, 18 маусым 2026
Алматыда кезекті заңсыз нысан сүрілді





