Мұнай бағасы төмендеді: балалардың Ұлттық қордан алатын төлемдері қалай өзгермек
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов 2025 жылғы 11 сәуірде өткен брифингте "Ұлттық қор – балаларға" жобасы бойынша балалардың табысына теңгенің курсы қалай әсер ететінін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ол Ұлттық қор балаларға өз активтерін инвестициялық басқарудан алынған табыстың 50%-ын бөлетінін еске салды. Оның айтуынша, ақша доллармен есептеледі.
"Тек баланың жасы 18-ге толғанда ғана ол тиісті өтініш береді — өмір сүру жағдайын жақсарту, білім алу немесе медициналық қажеттіліктер үшін, тек сол кезде олар теңгеге аударылады. Себебі Ұлттық қорда барлық есеп айырысулар доллармен жүргізіледі, сондықтан оның курсының өзгеруі ешқандай әсер етпейді. "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасының есебі доллармен іске асады, сәйкесінше теңгенің курсының өзгеруі балалардың табысына еш әсер етпейді", — деді ол.
Сонымен қатар, ол Ұлттық қордың инвестициялық табысы туралы болжамдарын айтқан жоқ.
"Ұлттық қордың нақты инвестициялық табысы қандай болатынын болжау қиын, себебі, қайталап айтамын, нарықтар қазір құбылмалы, біздің қолымыздан ештеңе келмейді, жаһандық нарықтарға әсер ете алмаймыз. Біз бұл кезеңнің эскалациядан кейін қалыпқа келіп, нарықтар қайта өсетініне үміттенеміз", — деп қосты Ұлттық банк басшысы.
Бұған дейін Ұлттық Банктің базалық мөлшерлеме бойынша шешімді жариялағаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:43, 17 сәуір 2025
Тоқаев пен Путин энергетика саласындағы ықпалдастық туралы сөйлесті
-
23:12, 17 сәуір 2025
Астана әкімдігі мектеп бітірушілерге қатысты шектеулер туралы ақпаратқа түсінік берді
-
22:42, 17 сәуір 2025
Атырау облысында полицейлер өртеніп жатқан үйден ер адамды алып шықты
-
22:19, 17 сәуір 2025
Қазақстандық хоккейшілер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының алдында Венгрия құрамасын жеңді
-
21:59, 17 сәуір 2025
Теміртауда жедел жәрдем фельдшері әріптесін сабап ауруханаға түсірді
Танымал жаңалықтар
-
10:46, 17 сәуір 2025
-
11:46, 17 сәуір 2025
-
11:30, 17 сәуір 2025
-
12:11, 17 сәуір 2025
-
11:59, 17 сәуір 2025
-
14:10, 17 сәуір 2025
-
14:22, 17 сәуір 2025
-
12:38, 17 сәуір 2025
-
12:23, 17 сәуір 2025
-
11:18, 17 сәуір 2025
-
15:11, 17 сәуір 2025
-
13:59, 17 сәуір 2025
-
15:55, 17 сәуір 2025
-
13:12, 17 сәуір 2025
-
09:34, 17 сәуір 2025