Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын қайтаруға болады: шарттары аталды
© Фото: Zakon.kz
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) бойынша жарналар қате немесе артық төленген жағдайда оларды қайтаруға болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қордың мәліметінше, қате немесе артық есептеліп, аударылған қаражатты қайтаруды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады. Ол үшін мемлекеттік корпорацияға қағаз түрінде өтініш беру қажет.
Егер сіз жарнаны өз бетінше төлеуші болсаңыз, белгіленген үлгі бойынша өтініш толтырасыз.
Ал өтінішті жұмыс беруші беретін жағдайда, қосымша түрде қызметкердің қаражатты қайтаруға келісімі талап етіледі.
"Мемлекеттік корпорация бөлімшелерінің мекенжайлары мен өтініш үлгілері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайтында орналастырылған. Өтініш берілген күннен бастап қарау мерзімі – 15 жұмыс күніне дейін", – делінген 16 ақпанда жарияланған хабарламада.
Сонымен бірге қаражатты қайтарудан бас тартылуы да мүмкін.
Бас тартудың жиі кездесетін себептері мыналар:
- МӘМС жарналары бойынша алдыңғы кезеңдерге берешектің болуы;
- құжаттарда дұрыс емес мәліметтердің көрсетілуі;
- өтініштің заңнама талаптарына сәйкес келмеуі;
- дербес деректерді өңдеуге келісімнің болмауы.
Бұған дейін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында 18 жасқа толған қазақстандықтарға қандай жағдайда медициналық сақтандыру сақталатыны түсіндірілген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:56, 3 сәуір 2026
Сарапшы доллар бағамы 440 теңгеге дейін түсуі мүмкін екенін болжады
-
22:33, 3 сәуір 2026
Астаналық оқушылардың ас мәзіріне бешбармақ енгізілді
-
22:20, 3 сәуір 2026
Мемлекеттік тілдің күрескері Өмірзақ Айтбаевтың туғанына 90 жыл
-
21:40, 3 сәуір 2026
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жер сілкінді
-
21:39, 3 сәуір 2026
Мыңдаған баланың жеке мәліметтері желіде тараған: Ақмола облысының мектептері жазаланды





