Милан-2026 қысқы Олимпиадасына қатысатын Қазақстан командасының толық құрамы белгілі болды
© Фото: zakon.kz
2026 жылғы 6-22 ақпан аралығында Италияда өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасының сапында 36 спортшы қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір Қазақстан еншісінде бірнеше спорт түрлерінен лицензия бар. Олар:
- Фристайл-могул - Павел Колмаков, Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, Анастасия Городко.
- Фристайл-акробатика - Дінмұхаммед Райымқұл, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асан Асылхан, Аяна Жолдас.
- Биатлон - 2 ер, 2 әйел спортшы (баратын спортшылар есімі Ұлттық құрама бапкерлер кеңесінен кейін анықталады)
- Тау шаңғысы спорты - Ростислав Хохлов, Александра Скороходова.
- Шаңғы қоссайысы - Шыңғыс Ракпаров.
- Шаңғы жарысы - Әмірғали Мұратбеков, Наиль Башмаков, Виталий Пухкало, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Ксения Шалыгина, Надежда Степашкина.
- Шаңғымен тұғырдан секіру - Данил Васильев, Илья Мизерных.
- Конькимен жүгіру спорты - Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко.
- Шорт-трек - Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан.
- Мәнерлеп сырғанау - Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина.
Айта кетейік, бұл тек 2025-2026 жылғы маусымдағы лицензиялық кезеңдер нәтижесіндегі көрсеткіш. Алдағы уақытта Халықаралық Олимпиада комитетінің есебінен қосымша жолдамалар берілуі мүмкін.
"Олимпиада лицензиясына қатысты қорытынды ақпарат қаңтардың аяғында белгілі болады. XXV қысқы олимпия ойындары Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Оған әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады", делінген хабарламада.
Бұған дейін Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) жаңа FIFA Series 2026 халықаралық турниріндегі Қазақстан құрамасының өз тобындағы қарсыластарын бекіткені хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:06, 19 қаңтар 2026
Петропавлда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан күдікті ұсталды
-
21:49, 19 қаңтар 2026
Иерусалимде жеке балабақшада белгісіз қауіпті зат ауаға тарап, екі сәби көз жұмды
-
21:31, 19 қаңтар 2026
«Қар жауып, бұрқасын жүреді». Сейсенбіде еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:58, 19 қаңтар 2026
«Сергек» камерасына оқ атқан жамбылдық ірі айыппұл арқалады
-
20:49, 19 қаңтар 2026
Өскеменнің бір бөлігі аязға байланысты сусыз қалды: әкім жағдайдың тұрақталғанын мәлімдеді





