Михаил Мишустин Ресейдің премьер-министрі қызметінде қалды

19:31, 10 мамыр 2024

© Сурет: kremlin.ru

10 мамырда Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасы жалпы отырыста Михаил Мишустинді елдің премьер-министрі қызметіне бекіту туралы қаулы жобасын қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей үкіметінің мәліметінше, Михаил Мишустинді премьер-министр етіп бекітуге 375 депутат дауыс берсе, 57-сі қалыс қалды, қарсы дауыс бергендер болмаған.

Михаил Мишустин Мемлекеттік Дума депутаттарына өзін бұл қызметке бекіткені үшін алғыс айтты.

"Үкімет жолдауда айтылған бастамаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ жаңартылған даму мақсаттарына қол жеткізуге бар күш-жігерін салады", - деді Михаил Мишустин.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!