Мәжілістегі ақсақалдар қазір не істеп жүр?

14:41, 2 қараша 2020
886

Мәжілістегі 23 депутаттың жасы 65-тен асқан. Сондықтан әлемде коронавирус өршігенде, олар карантинге кетіп, пленарлық отырыстарға үйінен қатысқан еді. Міне, сол мезеттен бері сегіз ай өтіпті, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Наурыздың 26-сында Мәжілістің пленарлық отырысы басталғанда төраға Нұрлан Нығматуллин 65 жастан асқан халық қалаулылары Дүниежүзілік денсаулықтау сақтау ұйымы кеңесімен карантинге кетіп, үйден жұмыс істейтінін айтқан.

Жалпы, Мәжілісте 107 депутат бар, соның 23-і 65 жастан асқан. Олардың барлығын емес, тым болмаса ондығын тізіп көрдік. Коммунистер фракциясының көшбасшысы Владислав Косаревтан бастасақ. Ол 82 жаста. "Нұр Отандық" Қуаныш Сұлтанов 75-те. Одан кейін Тұрғын Сыздықов жайғасты. Биыл ол 73-ке толыпты. Владимир Божко да жас емес. 71-ге қараған. Мәжілісмен Серік Үмбетов 70 жаста. Ал, Қазақстан Халқы Ассамблеясынан сайланған Ахмет Мурадов пен "Нұр Отандық" Жанат Жарасов 69 да болса, Байділдә Жылқышиев, Сауытбек Әбдірахманов, Бақытжан Ертаев 68-де.

Вирус тез тарап, эпедимиологиялық ахуал күрт нашарлаған соң, журналистер үшін көптеген мемлекеттік органның есігі тарс жабық болды. Соның ішінде Парламент те бар.

Дәл қазір біз Мәжіліс депутаттарының не істеп жүргенін немесе 65 жастан асқандарының қайда жүргендігін, отырыстарға қатысып жүр ме, әлде үйінде ме, соны сұрап білейікші. Бірінші Владислав Косаревка хабарласып көрейік: "Абонент байланыс аясынан тыс жерде".

Қуаныш Сұлтановқа да хабарластық.

Абырой болғанда мәжілісмен Ахмет Мурадов тұтқасын көтерді. Ол қазір барлығымыз Парламент қабырғасында еңбек етіп жүрміз, дейді.

Сауытбек Әбдірахмановқа да телефон соқтық. Ол былай деді.

- Оффлайн.

Демек, 65-тен асқан депутаттардың көбі бұрынғыдай Мәжілістегі орындарында жайғасқан. Олар алдағы екі ай қарқынды жұмыс істемек ниетте. Осы ретте халықтан жаңа жылдан кейін Парламенттен кімдерді көргісі келетінін сұрадық.

Саясаттанушы Дос Көшім жасқа емес, адамның ішкі түйсігі мен жұмыс бітіру қабілетіне қарау керек, дейді.

Дос Көшім, саясаттанушы:

Әңгіме жаста емес. Мен квота қойғанды жек көретін адаммын. Бұл демократияға жатпайды. Жасы 80-нен асқан тамаша жұмыс істейтін адамдар болады, жастары 40-50-де қалжырап қалатындар да болады. Сондықтан адамның денсаулығына, жұмыс істеу қабілетіне байланысты.

Саясат маманы сөз арасында алдағы Мәжіліс депутаттарының сайлауына да тоқталды. Оның сөзінше, бұл саяси науқанға тек партиялық тізіммен емес, жеке адамдар да қатысу құқығына ие болу керек.

Дос Көшім, саясаттанушы:

Қазақстанда азаматтардың құқығы бұзылып жатқан сияқты. Тек қана партиялар тізімі бойынша сайлану деген. Сондықтан активті құқықтар жүзеге аспай жатыр. Қысқасы, жай азаматтар сайлауға түсе алмайтын, парламентке бара алмайтын жағдайға келдік.

Айта кетейік Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылдың 10-шы қаңтарын парламенттік сайлау өтетін күн деп белгілеген еді. Президент жарлығынан кейін ел ішіндегі бірнеше саяси партия сайлауға қатысуға ниетті екендіктерін білдірді. Орталық сайлау комиссиясының есебінше, Мәжіліс мен Мәслихат депутаттарын дауыс беру жұмыстарына 15 миллиард теңге жұмсау көзделіп отыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!