Мемлекеттік тапсырысты орындайтын ғылыми қызметкерлердің еңбекақысы қалай төленеді

09:23, 8 қаңтар 2025

© Фото: freepik

Ғылым және жоғары білім министрінің м. а. 2024 жылғы 25 желтоқсандағы бұйрықпен мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидаларын бекітті.

Осы Қағидалар мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді регламенттейді.

Ғылыми қызметкерлердің жалақысын төлеу мемлекеттік тапсырысты орындау кезінде еңбекақы төлеуге бекітілген бюджет шегінде жүргізіледі.

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру кезінде жетекші ғалымдарды қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен ғылыми зерттеулер жүргізуге мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу базалық мөлшерлеме негізінде айқындалады.

Лауазымдық жалақы төмендегі формула бойынша есептеледі:

Ғылыми қызметкердің жалақысы біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, жұмсалған еңбектің саны мен сапасына байланысты.

Мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу тиісті жылға енбекақы төлеуге белгіленген бюджет (еңбекақы төлеу қоры) шеңберінде жасалған шарттарға сәйкес жүргізіледі және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген жұмыс уақытының (негізгі, бірлесіп атқару және қоса атқару) нормалары шегінде жүзеге асырылады.

Ғылыми қызметкердің лауазымдық жалақысының мөлшері және өтемақы және ынталандырушы сипаттағы төлемдерді белгілеу шарттары еңбек және ұжымдық шартта көзделеді.

Лауазымдық айлықақыларға ынталандырушы үстемақы ғылыми қызметкер орындайтын жұмыстардың сапасына және қарқындылығына сәйкес бұйрықпен ресімделген ұйым басшысының шешімімен лауызымдық мөлшерлеменің 20%-на дейінгі мөлшерде белгіленеді және бектітілген еңбекақы қоры шегінде төленеді.

Еңбек шартында айқындалған еңбекақы төлеу шарттары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде және еңбек құқығының нормаларын қамтитын өзге де нормативтік құқықтық актілерде, ұжымдық шартта, келісімдерде, жергілікті нормативтік актілерде белгіленген шарттармен салыстырғанда нашарлауы мүмкін емес.

Мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік Ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне негізгі жұмыс орны бойынша тиісті диплом немесе білім туралы құжатты тану туралы куәлік болған кезде ай сайынғы қосымша ақы белгіленеді.

Қосымша төлемдерді қоса алғанда, жалақы жұмыс берушінің жұмыс уақытын есепке алу жөніндегі құжаттарында ескерілген нақты жұмыс істеген уақыты үшін төленеді.

Қоса атқаратын, сондай-ақ толық емес жұмыс күні немесе толық емес жұмыс аптасы жағдайларында жұмыс істейтін мемлекеттік Ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жұмыс істеген уақытына барабар не орындалған жұмыс көлеміне қарай жүргізіледі. Негізгі жұмыс бойынша лауазымға және қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша ауыстырылатын лауазымға қатысты жалақы мөлшерін айқындау әрбір лауазым бойынша бөлек жүргізіледі.

Еңбек шартының талаптарымен және (немесе) жұмыс берушінің актісімен толық емес жұмыс күні немесе оны толық жүктемеген кезде, сондай-ақ уақытша немесе біржолғы сипаттағы жұмыстарға ақы төлеу үшін нақты орындалған жұмыстар үшін сағаттық еңбекақы белгіленуі мүмкін.

Көрсетілген қызметкер осы кезеңде жұмыс уақытының нормасын толық пысықтаған және еңбек нормалары (еңбек міндеттері) орындалған кезде, қызметкердің айлық жалақысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген ең төменгі еңбекақы мөлшерінен төмен болмауы тиіс.

Базалық қаржыландыру шеңберінде мемлекеттік тапсырысты орындайтын ғылыми қызметкерлердің атағы мен ғылыми дәрежесі үшін қосымша ақылар:

  • Ғылым кандидаттарына, философия докторларына (PhD), бейіні бойынша докторларға - 17 АЕК
  • Ғылым докторларына - 34 АЕК
  • Ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі бар қауымдастырылған профессорларға (доценттерге) - 25 АЕК
  • Ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар қауымдастырылған профессорларға (доценттерге) - 42 АЕК
  • Ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор және ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар профессорларға - 50 АЕК.

Бұйрық 2025 жылдың 5 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!