Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлерге ескерту жасады: режимді таңдамағандарға шара қолданылады
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Бүгін, 2026 жылғы 3 қаңтарда, Қазақстан кәсіпкерлеріне өтпелі кезеңге қатысты маңызды ақпаратпен Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енгенін және онда үш арнайы салық режимі (АСР) қарастырылғанын еске салады:
1.өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін;
2.оңайлатылған декларация негізінде;
3.шаруа немесе фермер қожалықтары (ШФҚ) үшін.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР-ді жеке кәсіпкер (ЖК) болып табылмайтын, жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын жеке тұлғалар (ЖТ) қолдануға құқылы. Сондай-ақ олар Қазақстан Республикасы Үкіметі өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР-ді қолдану мақсатында айқындаған қызмет түрлерінің бірін немесе бірнешеуін ғана жүзеге асыруы тиіс.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР-ді қолдану үшін қызмет түрлерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 994 қаулысымен бекітілген және оған 40 қызмет түрі кіреді, оның ішінде такси қызметі, дайын тағамды жеткізу, курьерлік қызмет, шаштараз қызметтері және т.б.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР-ге көшу үшін 2025 жылы патент негізіндегі АСР-ді және арнайы мобильді қосымшаны қолданған жеке кәсіпкерлер 2026 жылғы 1 қаңтар мен 28 ақпан аралығында жеке кәсіпкер ретінде есептен шығуы қажет.
Егер жеке кәсіпкер өз бетінше ЖК ретінде есептен шықпаса немесе оңайлатылған декларация негізіндегі АСР-ге көшу туралы хабарлама тапсырмаса, онда 2026 жылғы 1 наурызда салық органдары мұндай жеке кәсіпкерді ЖК ретінде есептен шығарады. Бұл ретте есептен шығару күні 2026 жылғы 1 қаңтар болып белгіленеді.
Жеке тұлғалардың өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР-ді қолдануы арнайы мобильді қосымшада чек берілген айда танылатын болады.
Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР
Аталған АСР-ге қолдану шарттарына сәйкес келетін барлық салық төлеушілер (оның ішінде 2025 жылы тіркелген шегерімді және бөлшек салықты қолдана отырып, оңайлатылған декларация негізіндегі АСР-ді пайдаланған салық төлеушілер де) көшуге құқылы.
Бұл үшін 2026 жылғы 1 қаңтар мен 28 ақпан аралығында қолданылатын салық режимі туралы хабарламаны тапсырып, оның 2-бөлімінде "оңайлатылған декларация негізіндегі АСР-ге көшу туралы" белгі қоюы қажет.
Аталған АСР-ді қолдану күні 2026 жылғы 1 қаңтар болып есептеледі.
Егер 2025 жылы тіркелген шегерімді және бөлшек салықты қолдана отырып, оңайлатылған декларация негізіндегі АСР-ді қолданған салық төлеушілер қолданылатын салық режимі туралы хабарламаны ұсынбаған жағдайда, мұндай салық төлеушілер 2026 жылғы 1 наурызда салық органдары тарапынан жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауыстырылады. Бұл ретте аталған тәртіпті қолданудың басталу күні 2026 жылғы 1 қаңтар болып белгіленеді.
Осыған байланысты, арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге қызметін одан әрі жүргізу үшін өздеріне қолайлы салық режимін алдын ала айқындау қажет.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 3 қаңтар 2026
Қазақстандық футболшылар Шоқан Абзалов пен Рафкат Аслан «Жетісу» сапына қосылды
-
17:49, 3 қаңтар 2026
АҚШ-та Венесуэла президенті мен оның жұбайы не үшін тұтқындалғаны жарияланды
-
17:37, 3 қаңтар 2026
Өзбекстан президентінің қызы сұхбат беріп, әкесі туралы ашық айтты
-
17:21, 3 қаңтар 2026
Ерке Есмахан жас күйеуінен эксклюзивті сыйлық алды
-
17:09, 3 қаңтар 2026
Индонезияда некесіз жыныстық қатынасқа тыйым салынды, соның ішінде Балидағы туристерге де





