Мемлекет мақсатшыл, табанды, еңбекқор адамдарға әрдайым қолайлы жағдай жасайды – Президент
© Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясында ел экономикасында жүзеге асырылып жатқан іргелі реформаларға тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент азаматтардың әл-ауқатын арттыру мемлекеттің басты міндеті ретінде белгіленгенін айтты.
"Экономикада іргелі реформалар қолға алынды. Азаматтардың әл-ауқатын арттыру басты міндет ретінде белгіленді. Индустрияландыру қарқын алып, экономиканың жаңа өндірістік негізі айқындалып келеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, мемлекет пен шетелдік инвесторлар салған қомақты қаржының нәтижесінде еліміздің барлық өңірінде жаңа өндіріс орындары салынып, мыңдаған жұмыс орны ашылып жатыр.
Сонымен қатар Қазақстанда халықтың тұрмыс сапасы мен экономикалық өсім үшін аса қажетті коммуналдық, көлік, энергетика және су инфрақұрылымдарын жаңғырту үдерісі басталды.
"Сіздер, депутаттар, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары кезінде ел ішін аралап, Қазақстанның бірте-бірте алып құрылыс алаңына айналып келе жатқанына куә болдыңыздар", – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін қомақты инвестиция қажет екенін атап өтті. Оның сөзінше, мемлекет те бұл үдерістен тыс қалмауға тиіс.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:50, 29 тамыз 2026
Атырауда 277 келі бекіре балығын заңсыз тасымалдаған күдіктілер ұсталды
-
13:00, 29 тамыз 2026
Алматы ипподромы қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылды
-
12:24, 29 тамыз 2026
Шарджада қаза болған апалы-сіңлілі қазақстандықтардың денесі елге жеткізілді – СІМ
-
12:00, 29 тамыз 2026
29 тамызда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарында валюта бағамы қандай
-
11:42, 29 тамыз 2026
Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толды





