Мемлекет басшысы Парламентаралық одақтың президенті Милтон Дикті қабылдады
© Фото: zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентаралық одақ президенті, Аустралия Парламенті Өкілдер палатасының спикері Милтон Дикті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Милтон Дикті Парламентаралық одақ президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, жауапты миссияны абыроймен атқаруына тілеулестік білдірді.
Мемлекет басшысы Қазақстан Парламентаралық одақпен көпжылдық жемісті ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын жеткізді.
Сондай-ақ Парламентаралық одақтың халықаралық серіктестікті ілгерілететін маңызды институт екенін атап өтіп, ұйыммен байланысты тереңдетуге бейіл екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі саяси жүйені жаңғырту және демократиялық институттарды нығайту бағытында қолға алынған реформаларға тоқталды.
Өз кезегінде Милтон Дик Парламентаралық одақ президенті ретінде сапармен келіп отырған алғашқы ел Қазақстан екенін айрықша атап өтті.
Бұл ретте ол еліміздегі саяси, экономикалық өзгерістерді жоғары бағалады.
Әңгімелесу барысында тараптар парламенттік дипломатия, жасанды интеллектінің дамуы және Қазақстан-Аустралия ынтымақтастығының келешегі жөнінде пікір алмасты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:52, 19 қараша 2026
Таиландтағы күрестен халықаралық турнирде жерлестеріміз екі алтын медаль еншіледі
-
18:46, 19 қараша 2026
Ақтөбеде жеделсатыны бүлдірген үшеу ұсталды
-
18:20, 19 қараша 2026
Жібек Құламбаева теннистен Чилидегі турнирдің жартылай финалына шықты
-
18:12, 19 қараша 2026
Астана соты ірі полиция шендісін кінәлі деп таныды
-
17:51, 19 қараша 2026
Қазақстанның ең мықты велошабандозы XDS Astana Team командасының бас жаттықтырушысы болды





