Мемлекет басшысы Израиль Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

09:07, 22 сәуір 2026

© Сурет: akorda.kz

2026 жылғы 22 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогқа құттықтау жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың Telegram-арнасында хабарланды.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Ицхак Герцогты Израиль Мемлекетінің Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бақ-береке тіледі", – деп жазылған ресми ақпаратта.

2026 жылғы 18 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!