Алматыға жақын жерде жер сілкінісі болды
© Фото: wikimedia/Petr Brož (Czech Academy of Science)
2026 жылғы 22 сәуір күні таңертең Алматыға жақын аумақта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қырғызстан Сейсмология институтының мәліметінше, жер асты дүмпулері Астана уақытымен 04:26-да болған. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында, Күнгей-Ала-Тоо тауларында орналасқан.
Ол Қырғызстанның Григорьевка ауылынан солтүстікке қарай 23 км, ал Қожояр ауылынан солтүстік-батысқа қарай 22 км қашықтықта болған.
Қырғызстан аумағындағы елді мекендерде жер сілкінісі сезілмеген.
Қазақстан сейсмологтары бұл жер сілкінісіне қатысты ақпарат таратқан жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Каспий теңізі аумағында жер сілкіністерінің сериясы тіркелген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:52, 22 сәуір 2026
Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау орындарындағы валюта бағамдары жарияланды
-
11:39, 22 сәуір 2026
Алматылық оқушы БҰҰ штаб-пәтерінде әлемнің үздік 3 жас инноваторының қатарына енді
-
11:28, 22 сәуір 2026
Полиция ата-аналарды балалар қауіпсіздігін сақтауға шақырды
-
11:11, 22 сәуір 2026
Астанада жылыту маусымы аяқталды
-
10:58, 22 сәуір 2026
Семейде жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған форум өтті





