Маңғыстауда 2021 жылы екі бағыттағы жол ақылы болмақ
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы Маңғыстау облысы филиалының директоры Айбек Әнуарбековтың мәліметінше, келер жылдан бастап 661 шақырым жолды ақылы ету жоспарланып отыр.
Оның бірінші бағыты “Ақтау-Бейнеу”, екіншісі “Доссор-Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы”. Осы бағыт бойынша тек ауыр жүк көліктері ақы төлейді. Көлік дәлізінің тәуліктік қарқындылығы 2500 автокөлік.
Аталған жолдарда 9 стационарлық пункт болады және 2 клиенттермен жұмыс атқару орталығы болады. 9 стационарлық пунктте фото, видео жүргізіліп, орталыққа жіберілетін болады, - деді Айбек Әнуарбеков.
Бұдан бөлек, 2022 жылы “Жетібай-Жаңаөзен” бағытындағы автокөлік жолы жолаушыларға ақылы қызмет көрсетеді деп жоспарланған. Мамандардың айтуынша, бұл бағыттағы автожол барлық көлік түріне ақылы.
Жыл соңында өтетін қоғамдық тыңдау кезінде ақылы жолдармен жүріп өткені үшін қанша теңге көлемінде ақы төлейтіні белгілі болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:48, 26 сәуір 2024
Сәл болмағанда жарылыс бола жаздады: Алматының шығыс айналма жолындағы өрт
-
13:37, 26 сәуір 2024
Қырғызстанда шенеуніктерге тойға баруға тыйым салынды
-
13:09, 26 сәуір 2024
Ақтөбеде су тасқыны салдарынан екі көпір жүруге жарамсыз болып қалды
-
13:09, 26 сәуір 2024
Ақтөбеде су тасқынынан кейін екі көпір жүруге жарамсыз болып қалды
-
12:38, 26 сәуір 2024
Қызылордада медицина саласының қызметкерлері экологиялық акцияға белсенді атсалысты