Қызын үйінде өлтіріп, өзі аттракционнан секіріп кеткен: Әйел туралы көршілері не дейді

09:26, 26 маусым 2024

© Сурет: pixabay

Қызын өлтіріп артынша Алматының орталық саябағында аттракционнан секіріп кеткен әйел туралы көршілері көрген-білгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK ақпаратынша, келіншек Алматының орталық саябағында аттракционнан секірмес бұрын, үйіндегі бес жасар қызын өлтірген. Бүгінде полиция суицидпен қоса, кәмелетке толмағанды өлтіру бабы бойынша да тергеуді бастады.

Ал марқұм болған Юлияны көршілері тек жақсы қырынан танитын болып шықты. Үй шаруасындағы үлгілі әйел, күйеуінің де табысы жақсы, зәулім үйде тұратын отбасы дейді.

"Ешкіммен сөйлеспейтін, өзімен-өзі жүретін.Тып-тыныш әйел болатын. Қызының өзі сондай жақсы қыз болатын. Біз сондай жағдай болады деп күтпедік. Бір-біріне жақсы қарайтын. Өнегелі отбасы болды деп айтсам да болады".Наргиза Авезметова, көршісі

Олар Алматы облысы Іле ауданындағы жеке тұрғын үйде тұрады. Келіншек өзіне қол жұмсамас бұрын өз үйінде жалғыз қызын тұншықтырып өлтірген. Көршілердің айтуынша, қайғылы оқиға болған кезде күйеуі үйде болмаған. Ал әйелдің бұрын-соңды оғаш қылығын байқамадық деп отыр.

"Біз ештеңе естімедік, жақсы тұратын. Ауқатты отбасы. Барлығы жақсы жұмыс істеді және жақсы өмір сүрді. Жыл сайын шетелге демалуға баратын. Білмеймін, не жетпегенін". Ольга Нұржаубаева, көршісі

Ал, саябақ қызметкерлерінің айтуынша, марқұм ұқыпты киінген, келісті келіншек болған. Қимыл-әрекетінен ешқандай оғаш қылық байқамадық дейді.

"Ол келіп карта сатып алды. Бізде карта жүйесі – турникет бар. Картаны сатып алып, дөңгелекке қарай қатты жүгірді. Қазір адам жоқ қой. Ол бірінші келді. Қыздар картамен оны өткізді. Сөйтіп кабинаға отырды. Бір қалыпты. Ешқандай орынсыз мінез-құлық байқалған жоқ". Елена Кадет, саябақ қызметкері.

Марқұм әйел жедел жәрдем келгенше жан тапсырған. Қазір полиция өз-өзіне қол жұмсау дерегі және кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтауда.

"Қыз баланың қайтыс болу фактісімен тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай, жария етілмейді".Меруерт Морякова, Алматы облысы ІІД ресми өкілі

Айта кетейік, 24 маусымда кешкі уақытта Алматыда Горкий атындағы саябақта әйел адам биіктен секіріп, мерт болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!