Қызылордадағы сауда орталығында тарақандар қаптап кетті
© Сурет: pexels
Қызылордадағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде келушілер көп тарақанды байқап, видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылғы 12 қарашада Instagram желісінде жарияланған видеодан сауда орталығының бірінші қабатында тарақандардың көптеп жиналғанын көруге болады. Видео авторы фуд-корт орналасқан екінші қабатта жағдайдың қандай екенін екенін сұраған.
Пікір қалдырған қазақстандықтар ғимараттың санитарлық жағдайына наразылық білдірсе, кейбірі жағдайға әзілмен қараған:
- Меніңше, олар киім алуға келген.
- Жеңілдікке асығып бара жатыр!
- Бұл жердің барлық аумағында антисанитария бар екенін көрсетеді.
- Күлмеңдер, әйтпесе достарын шақырып алады.
Сауда орталығының әкімшілігі жағдайға қатысты пікір білдіріп, нысанда санитарлық талаптарды сақтау үшін ай сайын жоспарлы дезинфекция жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.
"Бұл жағдай әкімшіліктің бақылауында. Қазіргі уақытта санитарлық тазалау және дезинфекция жұмыстары күшейтіліп, тиісті шаралар қабылданып жатыр", – делінген әкімшілік хабарламасында.
Әкімшілік өкілдерінің айтуынша, тексеру барысында жәндіктердің сырттан, соның ішінде жалға алушыларға жеткізілетін тауарлардың картон қаптамалары арқылы кіруі мүмкін екені анықталған.
Ал Атырауда сауда орталығындағы әйелдер дәретханасына кіріп, келушілерді аңдып, жасырын видеоға түсірді деген күдікке ілінген 21 жастағы жігіт жауапқа тартылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:32, 13 қараша 2026
Алматыдағы көмір базалары жыл соңына дейін қала сыртына көшіріледі
-
12:28, 13 қараша 2026
Александр Бублик Санкт-Петербургтегі турнирге қатысады
-
12:14, 13 қараша 2026
Қазақстанда әскери ант беру кезінде сарбаздың жағдайы нашарлаған: тараған видеоға қатысты шындық айтылды
-
12:07, 13 қараша 2026
Крис Хемсворттың үйіне ұрылар түсті: үш көлік қолды болды
-
11:46, 13 қараша 2026
Астана тұрғындарына терроризмге қарсы оқу-жаттығуға байланысты ескерту жасалды





