Қызылордада оқушы қызды секс-құлдықта ұстаған: тағы бір айыпталушыға үкім шықты
© Сурет: Zakon.kz
Қызылорданың №2 сотында сотталушы Ж.-ға қатысты бірнеше рет кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айнылысуға тартумен ұштасқан жеңгетайлық фактісі бойынша қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сотта анықталғаны:
- Сотталушы жәбірленушінінің кәмелет жасына толмағанын біле тұра, пайдакүнемдік мақсатты көздеп, оны бірнеше рет жезөкшелікпен айналысуға тартқан.
- Сотталушының кінәсі оқиға орнын қарап-тексеру және беттестіру жүргізу хаттамаларымен,жәбірленушінің жауаптарымен дәлелденді.
Тараптардың ұстанымы:
- Прокурор сотталушыны кінәлі деп танып, ҚК 55-бабының 2-бөлігін қолдана отырып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.
- Жәбірленушінің өкілі сотталушыны кешіретінін және жазаға қатысты мәселені соттың қарауына қалдыратынын көрсетті.
- Қорғаушы сотталушыны ҚК-тің 309-бабы 2-бөлігі 2),3)-тармақтары бойынша ақтауды сұрады.
Сот шешімімен:
- ҚК-нің аталған бабының санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. ҚК-тің 53-бабына сәйкес, іс бойынша жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде жас баласының болуы танылады.
- Ауырлататын мән-жайлар айыптау актісінде көрсетілмеген. ҚК-нің 55-бабының 2-бөлігінің 2) тармағына сай, жазаны жеңілдететін мән-жайлар болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, жаза мерзімі ҚК-тің тиісті бабында көзделген ең жоғары мерзімнің 2/3-нен асыруға болмайды делінген.
- Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК 309-бабы 2-бөлігінің 2),3)-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енбеген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:45, 24 желтоқсан 2024
Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды
-
22:15, 24 желтоқсан 2024
Алматыда жас жігітті пышақтап өлтіріп кетті
-
21:45, 24 желтоқсан 2024
Астанада тергеуші әйел көпқабатты үйдің терезесінен құлап мерт болды
-
20:17, 24 желтоқсан 2024
Тұман, көктайғақ: Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:51, 24 желтоқсан 2024
Сатыбалдыға білім беру, жол, мемлекеттік сатып алу салаларындағы жемқорлық тәуекелдері туралы баяндалды