Қызылорда облысының прокуратурасы алаяқтыққа қарсы күресте жасанды интеллекті пайдаланады

15:19, 24 желтоқсан 2024

© Фото: freepik

Облыстық прокуратура алаяқтық қылмыстарының алдын алуға арналған "IT ТERGEU" жобасын әзірледі, бұл жоба жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін сот-тергеу тәжірибесінде тиімді қолдануға бағытталған.

Жоба үшін облыстық бюджеттен 85 млн теңге бөлініп, ақпараттық-талдау бағдарламалары сатып алынды.

Бағдарламалардың көмегімен 749 қылмыстық іс бойынша 1074 ұялы телефон нөмірлері тексерілді. Нәтижесінде 151 қылмыс дерегі ашылып, 62 қылмыскер ұсталды, сондай-ақ, 2 киберқылмыстық топ, 52 дроппер мен хабар-ошарсыз кеткен 91 тұлға табылды.

Қазіргі уақытта интернет алаяқтық бойынша 264 қылмыстық істің 78-і сотқа жолданып, көрсеткіш 29%-ға артты.

Банктер мен микроқаржы ұйымдарына қатысты 52 істің күмәнді есепшот транзакцияларын тоқтату үшін антифрод орталығына сұраныс жолданды.

Өңірде профилактикалық жұмыстар аясында қаржы институттары өкілдерімен бірнеше ресми кездесу өткізілді, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 200-бабына сәйкес 25 ұсынy енгізілді.

Қызылорда облысының прокуратурасы азаматтарды алаяқтардың құрбаны болмау үшін сақ болуға шақырады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!