Қызылорда облысында заңсыз берілген субсидиялар қайтарылды

16:44, 16 қыркүйек 2024

© Фото: freepik

Қызылорда облысының прокуратурасы Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бюджет қаражатын пайдалану заңдылығын тексерді.

Нәтижесімен агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұлттық жобасын іске асыруға бөлінген субсидияларды негізсіз беру фактілері анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде негізсіз 47 шаруашылыққа берілген 90 млн теңге субсидия мемлекетке кері қайтарылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!