Қызылорда облысында пәтер тонауды кәсіп еткен ұры ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Полицейлер жедел шара барысында тұрғындардың үйлеріне ұрлыққа түскен әккі ұрыны қолға түсірді. Қызылорда облысы Қазалы ауданының бірнеше тұрғыны полиция бөліміне арызданып, үйлерінен ұрлық жасалғанын айтқан.
Күдікті үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, пластик терезелерді арнайы бұрағышпен күштеп ашу арқылы үй ішіне заңсыз кіріп, ақша мен алтын бұйымдарды ұрлаған.
Түскен ақпарат бойынша дереу бағыт-бағдар беріліп, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде "ізін суытпай" ауданның 37 жастағы тұрғыны ұсталды.
Жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар мен өзге де айғақ заттар дәлелдеме ретінде алынды.
Қазіргі уақытта полицейлер пәтер ұрысының облыс көлемінде жасалған басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Тергеп-тексеру әрекеттері жалғасуда. Күдікті қамауға алынды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:15, 4 қараша 2024
Қазақстан ірі қара мал терісін Қытайға экспорттайтын болады
-
16:58, 4 қараша 2024
Қазақстан мен Ресей мемлекеттік шекара сызығын белгілеуге байланысты мәселелерді талқылады
-
16:41, 4 қараша 2024
Астанада аязды ауа райы, Алматы мен Шымкентте жаңбыр жауады: 5-7 қарашаға арналған ауа райы болжамы
-
16:40, 4 қараша 2024
Оралда шекара қызметінің қызметкері заңды екі рет бұзды
-
16:30, 4 қараша 2024
Жамбыл облысында зират қоршауын қолды қылған күдіктілер ұсталды