Қызылорда облысында базар өртеніп, 150-ден астам кәсіпкер жұмыссыз қалды

15:01, 3 шілде 2020
1229

Қызылорда облысында бір мезетте 150-ден астам кәсіпкер жұмыссыз қалды. Бір апта бұрын Қазалы ауданында ірі сауда орталығы өртенген болатын. Кәсіпкерлер осы уақыт аралығында жергілікті билік тарапынан еш көмек болмады дегенді айтып отыр. Несиелерін қалай төлерін білмей дал болған қазалылықтар мәселеге Президент араласып, өтемақы төленсе екен дейді, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Үш ірі сауда үйін жалмаған өрт міне мына жерден шыққан көрінеді. Оқыс оқиға азанғы 8-дер шамасында орын алған. Көз алдында заттарынан айырылған кәсіпкерлер мұның барлығын алдын-алуға болар еді деген пікір айтуда. Себебі оқиға орнына жеткен төтеншеліктер өртті арықтағы сумен өшіріпті.

Зейнегүл Қожаева, Қазалы ауданының тұрғыны:

"Пожарныйдың иә суы жоқ әкелген. Кейін әкелді, кейін әкелгенімен не керегі бар? Барлығы жанып болғанан кейін келді".

Базарда сауда жасап, отбасын асырап отырған садагерлер бір аптадан бері түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылған. Алапат өрттен сауда орындарының күлі көккке ұшып, түгі қалмаған. Оқыс оқғиғадан соң миллиондап шығынға батқандарға жергілікті билік көмек береміз деген екен. "Алайда, біршама уақыт өтсе де әлі еш қимыл жоқ" дейді тұрғындар.

Гүлшара Темір, Қазалы ауданының тұрғыны:

"Мен бүгін таң атқанша көзімді ілген жоқпын. Жылып-жылап біз болдық. Тас түскен жеріне ауыр деп, жылап отырсақ баламыз айтады: "Анашым, базар өртеніп кетті ме, енді кредитті қалай төлейсің?" дейді мысалға. Бәріміз осы ауданның бюджетіне 150-ден аса кәсіпкер ақша салып отырдық, налог төлеп отырдық. Бір әкімнің атынан счет ашса да, бір адам 200 теңгеден салса да осы Қазалыдан сол счетқа түскен ақшаны список бар зардап шеккендердің соларға бөліп берсе де, бізге шамалы оборотқа шығып кетуге көмек керек".

Закида Ибадулла, Қазалы ауданының тұрғыны:

"Жапа шегіп отырмыз осы өрттен, төтенше жағдай деп танып, біздің мына шығынымызды өтесін. Кредитімізді кешірсін, екі бастан кредитті кешіріп жатыр ғой жағдайы жоқ адам деп. Осы тұрғанда бәріміздің жағдайымыз жоқ. Ноль болып қалдық".

Ашынған халық аудан әкімдігіне жиналды. Жергілікті билік өкілдері қолымыздан келері қайырымдылық қорын ашып, басқа кәсіпкерлерден көмек сұрау дейді.

Бақытжан Жарылқап, Қазалы ауданы әкімінің орынбасары:

"Барлық кәсіпкерлерді жинадық. Ауданда белді кәсіпкерлер бар бізде. Кеше ғана аудан әкімі акиматқа шақырып, жинадық, айттық. Уже алды көмектесіп жатыр. Бізде одан тыс қалмайық деп жатырмыз. Біздің барлық госслужба бар, тек мұғалімдер айтып жатқан жоқпыз, мемлекеттік қызметкерлер бір күндік ақымызды берейік деп. Халық біздікі ғой, біздікі".

Бір-ақ сәтте жұмыстары тұралап қалған саудагерлердің өрт сөндірушілерге өкпелері қара қазандай. Арнайы техникалары мен сулары толық болғанда 2 мың шаршы аумақ өртенбес еді дейді. Ал, мамандар тілсіз жауды тоқтату үшін арықтан су алғандарын мойындады.

Азамат Жұмағұлов, Қазалы аудандық №9 өрт сөндіру бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

"Арықтан су алдық, себебі өрт сөндіру гидранттарында базар аумағында рабочий қысымда су болмағандықтан. Арықтан су алдық. Енді не істейміз?".

Бұл жағдайдан хабардармын деген аудан басшысы көмек сұрап облысқа шыққанын айтады. Әзірге жауап жоқ екен. Полицейлер бұл оқиғаға қылмыстық іс қозғапты. Ал бір мезетте жұмыссыз қалып, несиелерін төлеуге шамалары келмейтін жұрт облыстан көмек болмаса астанаға арызданамыз деп отыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!