Қытайдағы балабақшалардың қысқаруы елдегі бала туудың төмен деңгейін растайды
© Фото: pexels
Өткен жылы Қытайдағы балабақшалар саны 5%-дан астамға азайды. Биыл, екінші жыл қатарынан мектепке дейінгі мекемелердің саны азайып келеді. Бұл елдегі туудың төмендеу деңгейіне байланысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Guardian газетінің ақпаратынша, өткен аптада жарияланған Білім министрлігінің статистикалық бюллетенінде 2023 жылы Қытайда 274 400 балабақша болған, ал 2022 жылы 289 200 мектепке дейінгі мекеме тіркелген.
Қытай туу көрсеткішінің төмендеуімен және халықтың қартаюымен күресуде. Осыған байланысты тенденциялар бүгінде саясаткерлердің бас ауруына айналды. Олар адамдарды көп балалы болуға ынталандыру үшін әртүрлі шаралар қабылдап жатыр, бірақ нәтижесіз.
Балабақшаға баратын балалардың саны да азайды. Үкіметтің мәліметінше, 2023 жылы мектепке дейінгі мекемелерде 40,9 миллион бала оқыған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11% — ға аз.
Бұған дейін Қытайда "ұшатын автомобиль" зауытының құрылысы басталғаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:19, 30 қазан 2024
Бектенов 2030 жылға дейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға қанша қаражат бөлінетінін айтты
-
11:55, 30 қазан 2024
Астана әуежайы жоғалып кеткен багажды 1060 теңгеге сатады - фейк
-
11:41, 30 қазан 2024
Саран әкімдігі жаңа қазандықты іске қосу кезінде қандай қателік жіберді
-
11:25, 30 қазан 2024
Елімізде адам саудасының құрбандарына көмек көрсету үшін мемлекеттік органдардың іс-қимыл ережелері бекітілді
-
11:18, 30 қазан 2024
Almaty Open ATP 250 турнирінің телевизиялық аудиториясы 9 млн-дай адамды қамтыды