Бектенов 2030 жылға дейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға қанша қаражат бөлінетінін айтты
© Сурет: Zakon.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов 2024 жылғы 30 қазанда Мәжілісте Қазақстандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғырту жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бекетнов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғыртудың жаңа ұлттық жобасын әзірлеу аяқталып жатқанын атап өтті.
"Ұлттық жоба болашақта 2029-2030 жылдарға дейін шамамен 10 триллион теңге инвестициялауды көздейді", — деді министрлер кабинетінің басшысы.
Оның айтуынша, бұл жоба инженерлік инфрақұрылымға елеулі жаңарту әкеледі, сонымен қатар отандық бизнес үшін үлкен резервтер ашады. Өйткені ұлттық жобада барлық тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді отандық кәсіпкерлерден алу шарты көрсетілген.
2024 жылғы 30 қазанда Премьер-Министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаттарына Қазақстан экономикасын дамыту жоспарлары туралы айтты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:15, 30 қазан 2024
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы: іс-шаралар жоспары бекітілді
-
14:03, 30 қазан 2024
Алматыдағы ботаникалық бақ уақытша жабылады
-
13:54, 30 қазан 2024
Мәжіліс жаңа үш жылдық бюджетті бекітті
-
13:47, 30 қазан 2024
2025 жылы бюджет қаражаты қандай басым бағыттарға жұмсалады?
-
13:33, 30 қазан 2024
Мәжіліс Ұлттық қордан жыл сайын екі триллион теңге алуды қолдады