Қытай университеттеріне түскісі келетін қазақстандық талапкерлерге жаңа талап ескертілді
© Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 26 қарашада "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ үкіметаралық гранттар бойынша Қытайдың жоғары оқу орындарына түсуге ниетті талапкерлерге CSCA емтиханын тапсыру қажет екенін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қытай университеттерінің бакалавриат бағдарламаларына түскісі келетін барлық шетелдік талапкер CSCA емтиханын (академиялық даярлықты бағалау тестін) тапсыруға міндетті. Оқуға өтініш берген кезде 2026 жылғы қарашада немесе желтоқсанда тапсырған емтиханның нәтижесін растайтын жарамды сертификатты ұсыну қажет", – делінген BOLASHAK NEWS Telegram-арнасындағы ресми хабарламада.
Емтихан 2026 жылғы 19–20 желтоқсанда өтеді. Емтиханға тіркелу 25 қарашада басталды және 2 желтоқсанға дейін жалғасады.
Орталық талапкерлерге қандай пәндерден емтихан тапсыру керегін өздері таңдаған университеттен нақтылауға кеңес берді. Сондай-ақ емтиханды өткізіп алмау үшін оны тапсыратын күнді алдын ала таңдап, белгіленген мерзімде тіркелген жөн.
Емтиханға өтініш беріп, толық ақпаратпен ресми сайттан танысуға болады.
Бұған дейін, 2026 жылғы 12 қарашада, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек "Болашақ" бағдарламасы бойынша шетелдік жоғары оқу орындарына түсу тәртібін қайта қарау жоспары туралы айтқан еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:55, 26 қараша 2026
Алматыда бес адамның өмірін қиған өрт орнынан фотосуреттер жарияланды
-
15:46, 26 қараша 2026
Доллар тағы қымбаттады: Айырбастау пункттерінде бағам қандай
-
15:31, 26 қараша 2026
KazSat-2 серігі көму орбитасына көшіріледі. Бұл нені білдіреді
-
15:22, 26 қараша 2026
Геннадий Головкин Михаил Шайдоровқа Ұлттық олимпиада комитетінің ең жоғары наградасын табыстады
-
15:11, 26 қараша 2026
Алматыда жаңбыр мен қар жауып, күн суытады: 27–29 қарашада Астана мен Шымкентте ауа райы қандай болады





